- Негізгі бет
- Сән
- Chanel №5 әтірі...
Chanel №5 әтірі денсаулыққа зиян
Бұндай шешімге Еуропа ғалымдары келіп отыр. Әйгілі әтірдің Еуропада сатылуына тыйым салынуы мүмкін.
Еуропа ғалымдарының жүргізген сараптамасы бойынша, бірнеше танымал әтір маркалары денсаулыққа қауіпті деп расталды. Олардың қатарында 90 жылдық тарихы бар Chanel №5, сонымен қатар Miss Dior, Guerlain-нен Shalimar мен Thierry Mugler-дің Angel әтірлері бар.
Сараптама нәтижелері танымал әтірлердің құрамында аллергендердің мөлшері шамадан тыс екенін көрсетті. Ғалымдар бұл әтірлердің өндірісін тоқтатып, сатылымнан алып тастауын талап етуде.
Осыдан бұрын Еуроодақтың арнайы комитеті әтір өндірісінде қолдануға тыйым салынған және белгілі бір шамада ғана қолдануға болатын заттардың тізімін құраған екен. Толықтай қолдануға болмайтын заттар қатарына ағаш мүгі кірді. Ал ол Chanel №5 пен Miss Dior-дың құрамындағы басты құрамдас бөлік.
Цитрустардың эфир майларында болатын цитраль, эвгенол, кумаринге ішінара тыйым салынды. Ғалымдар 100 шақты парфюмериялық және косметикалық заттарды аллерген деп, қолдануына тыйым салынуды талап етуде.
Өз кезегінде Chanel президенті Франсуаза Монтене бұл тыйым талай керемет әтір түрлерін жойып, парфюмериялық пен косметикалық саланың болашағын құртады деп пікірін білдірді.
Айта кетсек, Chanel №5 иісін 1921 жылы Эрнст Бо атты парфюмермер жасады.
Дайындаған: Сания Аринова
Сурет: souq.dubaimoon.com
С. А