- Негізгі бет
- Сән
- Cәнқой болам десеңіз......
Cәнқой болам десеңіз...
Бүгінгі күні сән әлемі тек қана әйелдердің ғана емес, бүкіл еркектердің де шаруасына айналды. Себебі анасын немесе сүйіктісін қасына алып дүкен аралағын жігіттерді де кездестіруге болады. Сондықтан сәнді қорқынышты түстей көретін жігіттерге, сән әлемінің атақты сарапшысы Адам ди Стефано "Жігіттердің өмірі үшке бөлінеді: жұмыс, жеке өмір және қоғамдық орындардағы демалыс. Киіміңізге қарап сіздің сәнқой екендігіңізді көргенін қаласаңыз, онда мына кеңеске құлақ түріңіз" деп өз ұсынысын білдіреді:
1. Сарапшыларды тыңдаңыз:
Мен көрген жігіттер киім таңдағанда бірінші кезекте анасымен, кейін сүйіктісімен ақылдасады. Ал егер өз стиліңізді қалыптастырғыңыз келсе, онда сән әлемінің сарапшыларын тыңдаңыз. Бұл қасыңызда бір сарапшының болуы деген сөз емес, жігіттерге арналған ғаламтор беттерін немесе журналдарды қарастырсаңыз болғаны. Бірақ та бұл істі істер кезде тек қана танымал адамдардың киімінің суреттерін ғана емес, жазылған пікірлерді мұқият оқып шығыңыз. Бұл жазулардан өз ойыңызды қалыптастырыңыз.
2. Жаңа трендтер сіздің бақылауыңызда болсын:
Сән өзгеріп отыратын түсінік. Бүгін сәнді деп жүргеніңіз ертеңгі күні сізді көріксіз адамдардың қатарына қосуы мүмкін. "Олай болса өзгеріске ұшыраған трендтерді қалай бақылауымызда ұстаймыз?" дейсіз ғой. Атақты актерлардың, футбол ойыншыларының киімдерін көріңіз, сонда сәннің қай бағытта өзгергенін байқай аласыз. Бірақ бірінші кеңесте айтып өткендей, өзіңіздің стиліңізге сәйкестендіріңіз.
3. Ескі киімдерге де назар аударыңыз:
Сән әлемінің өзгеруі жаңа өнімнің шығуы ғана емес, тағы да қайталанатын бір түсінік. Біраз жыл бұрын сәнге айналып, ұмытылып кеткен киімдер болашақта сән әлемінің таптырмас бөлшегі болуы мүмкін. Гардеробыңызды жаңалап жатып, ескі киімдеріңізді лақтырып тастау сіздің ойыңызда болмасын. Яғни бұл киімдерді соңғы үлгідегі киіммен сәйкестендіре білсеңіз, онда сіз сәнқой жігіттердің біреуісіз...
4. Әрқашан формада болыңыз:
Сәнді бола білу тек қана нені кигеніңізге байланысты емес. Мысалға екі түрлі жігітті алайық: біреуі спортшы, екіншісі болса, әлжуаз немесе толық... Әдемі киім қайсына жарасатындағына ойланбай жауап беруге болады. Форманы сақтау үшін асты талғап жеп, аптаңыздың біраз уақытын спортзалда өткізсеңіз жеткілікті. Денсаулығыңыз да жақсарып, киген киіміңіз де сізге жараса кетеді.
5. Сенімді болыңыз:
Бұл кеңес айтылып өткен кеңестердің ең маңыздысы. Яғни киген киіміңізде өзіңізге нық сенімді бола білсеңіз, онда сізге кез келген киім жараса кетеді.
Суреттер: hisnotion.com
a. aaa