АҚШ-тың бірінші ханымы Мелания Трамп пен Францияның бірінші ханымы Бриджит Макронды бір-бірімен салыстырушылар көп. Оның себебі – екі елдің президенттерінің жақында сайлануы. Қайсысы стильді?
АҚШ президенті Дональд Трамптың жұбайы Мелания Трамп – 47 жаста, ал Франция президенті Эммануэль Макронның жұбайы Бриджит Макрон – 64-те.
Француздар өзінің бірінші ханымына таңғалудан шаршамайды, өйткені, Макрон ханым жасының үлкендігіне қарамастан, мүсінін сақтап қалған. Сондай-ақ бет-әлпеті де алпысты алқымдаған әжеге ұқсамайды. Ал Трамп ханым болса, модельге тән мүсіні мен салтанатының арқасында әлемдегі ең сұлу бірінші ханымдардың көшін бастап отыр.
Бірінші ханымдар табиғилыққа баса мән береді. Акцентті көзге жасап, еңлікпен бояну арқылы бейнелерін жасартады. Мелания қасын қоюлап бояса, Бриджит қасын сызғанды ұнатады. АҚШ-тың бірінші ханымы шашын жайып жүрсе, Францияның бірінші ханымы шашын көбіне түйіп қояды.
Дональд Трамп пен Мелания Трамп
Эммануэль Макрон мен Бриджит Макрон