Анджелина Джоли мен Эль Фаннинг басты рөлдерді сомдаған «Малефисиента» фильмі әлем бойынша үлкен танымалдылыққа ие болды. Оны ең бірінші Лос-Анджелестегі «Еl Capitan Theatre» кинотеатрында көрсетті. Аталған туындыны таныстыру үшін Анджелина Джоли, Брэд Питт, Эль Фаннинг және Анджелинаның әкесі Джон Войт, бауыры Джеймс Хэйвен Голливудке арнайы келді.
Өкінішке орай, фильмде басты рөлдердің бірін сомдаған 6 жасар Вивьен Джоли-Питт келмеген екен. Алайда оның ата-анасы қызын бұл рөлге қалай дайындағандығын толығымен айтып берді.
Балаларға арналған фильмде көрерменнің көзайымына айналған актриса Малефисиента секілді жағымсыз кейіпкердің рөлін сомдағандықтан, қызыл кілемдегі киімі де сол рөліне сай келді. Бұл жолы Джоли «Versace» ұсынған етегі кең әрі ұзын былғары көйлек киді.
Оның бұл образы «Alexander Mcqueen» директоры Сара Бертон жасаған киімнен әлдеқайда әдемі болды. Үлкен метал білезіктер драмалық образды жандандыра түсті. Мұнымен қатар, «smoke eyes» макияжы мен табиғи ерін түсін таңдағандығын ерекше бағалауға болады. Ал Брэд Питт қызыл кілем рәсіміне Gucci тіккен қара костюмді киіп келді.
Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай
Сурет: vogue.ua