Бүгін Алматыда аққұба арулардың мерекелік шеруі өтеді

Құрметті алматылықтар, бүгін қала көшелерінен сары шашты аққұба аруларды көре қалсаңыздар, таң қалмаңыздар! Өйткені бүгін қаламызда «Мисс аққұба» атты республикалық байқау аясында мерекелік шеру өтеді.

Аққұба сұлулар кабриолеттерге мініп қала көшелерін аралап, жұрт назарын өздеріне аудартпақ.

(Минск қаласындағы аққұба арулардың мерекелік шеруі)

Байқау жеңімпазы ғашықтар қаласы – Парижге жолдама алады.

Бұл байқау 3 кезең бойынша өтті: алғашқысы – Астана қаласында, екіншісі – әр өңірде скайп-конференция шеңберінде өткен. Бұл арқылы арулар онлайн түрде ән айтып, би билеп, өздерінің авторлық өлеңдерін оқыды. Ал үшінші кезеңі өткен аптада Алматыда өтті. Финалға сұлулардың арасынан 29 ару суырылып шығып отыр. Солардың ішінен бүгін үшеуі ғана таңдалатын болады.

Бас жүлдені иеленген ару Парижге жолдама ұтып алса, қалған вице-жеңімпаздар да жолдамадан құр алақан қалмайтын көрінеді. «Мұндай сайыстың өтетенінін естіген қара шашты арулар тез арада шаштарын сары түске бояп, қатыспақ ниетін білдіріп келіп жатты. Олар шаштарын жарқын түсті етуі үшін әбден түссіздендіріуіне тура келген.

Бірақ бізге көп арулардың шаштарының күрең тартқан түстері ұнаған жоқ. Біз олардың жастарына шектеу қойған жоқпыз. Тек модельдік келбетіне назар аудардық. Сайысымыздың ең жас аруы – 16 жаста болса, ең қартаңы – 46 жастағы әйел кісі. Ханымдардың көбі балалы болса да, өз дене пішдерін қатаң сақтап қалған. Сондықтан да олардың тартымды дене келбеттері суға түсетін киім кисе де, салтанатты көрінеді», - дейді ерекше іс-шараның ұйымдастырушысы Анастасия Юнал.

Айтпақшы, сайыстың құрметті қонақтарының арасында нағыз аққұба ару, биатлоншы Елена Хрусталева да бар екен.

Елена Хрусталева

Дайындаған: Ақерке Әбілхан

Сурет: colourmebeautiful.com.ua, thenews.kz, byaki.net, rewalls.com, prosportkz.kz