Бітіру кешіне көйлек таңдау бойжеткендер үшін маңызды сұрақтардың бірі. Алдыңғы материалда биылғы трендтегі көйлектер туралы жазған едік. Сәнді болуымен қатар, көйлектің үйлесімді әрі ыңғайлы болуы маңыздырақ екенін білеміз. Көйлекті пішініңізге қарай таңдаған жеңілге түседі әрі ол үйлесімді тұрады. Бізге пішіннің 5 негізгі типі таныс: «алмұрт», «алма», «тіктөртбұрыш», «үшбұрыш» және «аударылған үшбұрыш».
Егер пішініңіз «алмұрт» типіне жатса, қатты жабысып тұратын годе көйлек (балық сұлбасы) таңдамаған жөн. Себебі, ондай көйлектер санды айқындайды. Егер оған қоса, ол көйлек жалтыраған матадан тігілген болса, денеңізге көлем қосып көрсетеді. Мұндай жағдайда керісінше жасау керек, зейінді дененің үстіңгі жағына қойыңыз. Белі жоғары тұратын көйлектер жақсы үйлеседі. Иығыңыз ашық тұрса, ол бөксемен теңестірілгендей көрінеді. Сонымен пішініңіз «алмұрт» типіне жатса, етегі кең, иығыңыз ашық көйлек киіп, мойныңызға ерекше әшекей тақсаңыз, мінсіз көрінетін боласыз.
Егер дене пішініңіз «аударылған үшбұрыш» болса, сізге жеңіл асимметрия (үйлесімсіздік) қажет болады. Сонда дененің жоғарғы бөлігін жеңілірек етіп көрсетеді (немесе егер «үшбұрышты» пішін болса, дененің төменгі бөлігіне асимметрия). Бір иығы ашық, қиғаш ойық және үлпілдеген етегі бар көйлек өте жақсы үйлеседі.
Шілтер, гипюр маталар әрқашан көлем қосады, сондықтан «тіктөртбұрыш» типті пішінге жергілікті екпін түрінде түстердің кереғарлығы (контраст) болуы керек. Мұндай пішінді бойжеткендерге бір түсті тік көйлектер келмейді. Дене пішініңізді «құмсағатқа» айналдыру үшін түрлі белдіктер, х-пішінді сұлба және бөксеге әшекей қолдану керек болады.
Егер дене пішініңіз «алма» типіне жатса, оны «құмсағатқа» айналдыру үшін баска немесе жуан белдіктер қолданыңыз.
Бітіру кешіне киім үлгісін таңдаудағы басты қателіктер:
- Бітіру кешіне арналған көйлек деп сізді үлкейтіп көрсетпейтін киімді айтады;
- Егер трендте болғыңыз келсе, микро-көйлектерді, мөлшерден тыс жылтырды, ашық (түссіз) корсеттерді және ойығы кең көйлектерді ұмытыңыз. Қазір сәнде өз стиліңізді қалыптастырып, киімді үйлесімді етіп кию екенін есте сақтаңыз;
- Туфли нәзік әрі ыңғайлы болуы керек. Биыл гладиатор аяқ киімдері сәнге қайта оралды. Мұндай аяқ киімдер гректік стильдегі көйлектермен жақсы үйлесім табады;
- Шашқа жалтыр жағу сәннен кетті;
- Макияж бен маникюр табиғи көрінгені дұрыс. Ал олардың түсі киім үлгісіне байланысты таңдалады.