Көп жағдайда бітіру кешіне дайындық барысында бала мен ата-ана арасында келіспеушілік болып жатады. Жасына қарамастан бойжеткеннің талғамы қалыптасып, кей қарапайым стилистикалық тәсілдерді игеріп алғаны маңызды. Алайда бітіру кешіне киім алар алдында сәнді тенденциямен және құпиямен танысқан артық болмайды. Ендеше, бітіру кешіне арналған 2016 жылдың сәнді әрі әдемі көйлектері қандай?
2016 жылғы бітіру кешіне арналған көйлектердің түсі мен фактурасы
Бітіру кешіне арналған көйлек бойжеткеннің жастығын, күтімін және нәзіктігін айқындап тұруы қажет. Көйлектің стильді болуымен қатар, үйлесімді болып тұруы да өте маңызды. 2016 жылы сәнді көрсетілімдер нәтижесінде дизайнерлер жылтыраған матадан, өте салтанатты белдемшеден және қатты айқын элементтерден бас тартуды ұсынады. Бұл киім үлгісі тіптен қарапайым болу керек деген сөз емес.
Әлемдік сән көрсетілімдерінде әртүрлі түсті киімдер көрсетілді. Солардың арасында көп кездескені мынадай түстер:
- Қызыл;
- Көгілдір (бирюзовый);
- Қара;
- Көк;
- Ақ;
- Күрең-қызыл (бордо);
- Барлық нәзік түс.
Көйлектің матасын киім үлгіңіздің басқа да элементтеріне қатысты таңдаған жөн. Жеңіл ұшқыш маталар және шілтер сәнде. Биыл гүлді принт екінші орынға түсіп, графикалық элементтер трендте келе жатыр.
Сәндегі көйлек ұзындығы
Биылғы бітіру кешіне арналған көйлектердің ұзындық сәні – миди. Алайда миди ұзындықтың сізге үйлесетініне көз жеткізіп алыңыз. Себебі, миди ұзындық барлық бойжеткенге бірдей жараса бермейді. Сонымен қатар, мына көйлектер де биылғы сәнде екенін ұмытпаңыздар:
Годе көйлек (балық сұлбасы). Мұндай көйлекте билеу ыңғайсыз болғанымен, басқа көйлектердің арасынан ерекше айқындалып тұрады.
Америкалық ойығы бар ұзын көйлек.
Бірнеше қабатты немесе өте көлемді белдемше мен топ бітіру кешінде ерекше көрінетіні анық. Мұндай киім үлгісінде әшекей таңдауда абай болыңыз. Әшекейдің өте көлемді болмауын ескеріңіз. Бұл киім үлгісінде барлық зейін белдемшеде болуы тиіс.