Америкалық актер әрі рэп оқушы, әнші Мэрайи Кэридің бұрынғы жұбайы Ник Кэннон "Америка дарындыларды іздейді" шоуының финалы үшін бриллиантпен көмкерілген аяқ киім тіккізген. Аяқ киімнің құны – 2 млн $.
Қазіргі таңда аяқ киім Гиннесс рекордтар кітабына ену үшін қаралуда.
Аяқ киім дөңгелек бриллиант пен 340 караттық ақ алтынмен қапталған. Бәтеңкені Jason of Beverly Hills зергерлік фирмасының негізін қалаған Джейсон Арашебэн 1 жыл ішінде тіккен.
Бұған дейін Massaget.kz әлемдегі ең қымбат аяқ киім туралы жазған болатын. Бұл аяқ киім 500 мың долларға бағаланған еді.
Дайындаған: Мейіргүл Оңғарова
Сурет: өңделген, wday.ru