Кей жағдайда брендтің атауы қалай дұрыс айтылатынын білмей жатамыз. Бұл жағдайда ағылшын тілін ғана білгеніміз көмектеспейді. Себебі бренд атауы көп жағдайда оны ойлап тапқан дизайнердің атына беріледі. Ал дизайнерлер франциялық, итальялық немесе америкалық болуы мүмкін.
Франциялық бренд және марка
Azzedine Alaïa – француз дизайнері. Әдетте оның латын әрпімен жазылған фамилиясы қиындық тудырады. Ол Аззедин Алайя деп айтылады.
Balenciaga – Баленсиага деп оқылады.
Balmain – ағылшынша «Бальмэйн» деп оқылғанмен, бренд француз дизайнері Пьера Бальманың құрметіне аталған. Яғни, Бальман деп айтқан дұрыс болады.
Chloé – Клоэ деп айтылады және екпінді «э» әрпіне қойған дұрыс.
Christian Lacroix – брендтің атауы Кристиан Лакруа деп айтылады, екпінді соңғы буынға беріп, тұтыққан секілді «р» әрпі айтылмайды.
Christian Louboutin – қызыл табанды аяқ киімімен танымал дизайнердің аты Кристиан Лубутан деп айтылады. Көпшілік бұл брендті «Лабутен», «Лабутин», «Лобутан» деп айтып, шатасып жатады.
Givenchy – дизайнер Юбер Живанши құрған сән үйі. Сәйкесінше, Живанши деп айту керек.
Guy Laroche – француз дизайнерін Ги Ларош деп айту дұрыс болып саналады. Алайда көпшілік оны «Гай» деп айтып жатады.
Hermés – бұл бренд атауын Эрме деп жиі айтып жатады. Ол дұрыс сияқты көрінгенімен («с» әрпі француз транскрипциясында оқылмайды), бұл жағдайда Эрмес деп айтылуы керек.
Hervé Léger – бандаж көйлегімен атақты болған француз бренді. Ол Эрве Лэже деп айтылады.
Lanvin – бірден Ланвин деп айтқымыз келеді, алайда ол Ланван деп айтылады.
Louis Vuitton – бұл брендті Луи Вьюттон немесе Луи Вуиттон емес, Луи Виттон деп дұрыс айтылады.
Итальялық бренд және марка
Bvlgari – бренд атауы латын әліпбиіне негізделген, мұндағы «V» әрпі «U» тең. Екпінді «БулгАри» деп «а» әрпіне қою керек.
DSquared2 – канадалық ағайындар құрған итальялық бренд. Оны Дискуаред емес, Дискуэрт деп айтқан жөн.
Ermenegildo Zegna – айтылуы қиын көрінгенімен, жаттықсаңыз үйреніп кетесіз. Ол Эрменеджильдо Зенья деп айтылады.
Fausto Puglisi – Фасту Пуизи деп дұрыс айтылады.
Miu Miu – итальялық транскрипция бойынша Мью Мью деп айтылады.
Moschino – Мосчино емес, Москино деп айтқан дұрыс.
Косметикалық бренд
Kiehl’s – Джон Кил құрған америкалық бренд. Килс деп айтылады.
Sephora – Сефора деп айтылады және екпінді «а» әрпіне қою керек.
Babor – неміс бренді, Бабор деп айтылады. Екпін «а» әрпіне қойылады.
La Roche-Posay – бұл косметикалық марка француз транскрипциясымен Ля Рош Позэ деп айтылады.
Pierre Fabre – дәріханалық косметика бренді Пьер Фабр деп айтылады.
Payot – бұл брендті құрушы Одессада туылған, бірақ бренд француз транскрипциясы бойынша айтылады. Оны «т» әрпін оқымай, Пайо деп айтқан дұрыс.
Estée Lauder – Эсте Лаудер деп айтылады.
La Prairie – Ла Прери деп айтылады.
Essie – әлемге танымал тырнаққа арналған лак бренді. Оны Эсси деп оқыған дұрыс.
Lalique – керемет хош иістер шығарған Рене Лалик, сондықтан брендті де Лалик деп айту керек.
NYX – америкалық марканың атауы Никс деп айтылады.