Брэд Питтің 50 жыл бойы өзгеріске ұшыраған стилі

Брэд Питтің 50 жыл бойы өзгеріске ұшыраған стилі

Әлем Анджелина Джоли мен Брэд Питтің 23 тамызда Chateau Miraval сарайында өткен тойына қуануда. Қалыңдық дизайнер Луиджи Масси тіккен "Atelier Versace" көйлегін киді. Той суреттерін "HELLO!" және "People" журналдары 5 миллион АҚШ долларына сатып алды. Бар назар Анджелинаға ауып кетіп, Брэд шетте қалып қойған сияқты. Тек Анджелина емес, Брэдтің де бойынан 50 жыл ішінде үлкен өзгерістерді байқауға болады.

Уилльям Брэдли Питт 1963 жылдың 18 желтоқсанында Оклахома штатының Шони елді мекенінде туылған. Жоғарғы сыныпта оқып жүргенінде Питт спортпен белсенді түрде айналысып, командада гольф, теннис ойнайды. Мұнымен қатар театр қойылымында түрлі рөл сомадаған. 1982 жылы мектепті бітірген соң Миссури университетінің журналистика және жарнама мамандығын меңгереді. Алайда Питт бұл өз жолы емес екенін сезіп, диплом алуға 2 апта қалған кезде барлығын да тастап, Лос-Анджелеске кетіп қалады. Ол жерден бірден Лондонға аттанып, актерлік шеберлікке байланысты сабақ алады. Және аш қалмас үшін қатарынан бірнеше жұмыс істейді. Мұнымен қатар ол балапан болып киініп алып, El Pollo Loco мейрамханасына адамдарды шақыратын болған. Ал енді оның 50 жыл бойы өзгеріске ұшыраған стилін байқап көріңіздер.

1988 жыл

1993 жыл

1994 жыл

1997 жыл

1998 жыл

1999

2000 жыл

2002 жыл

2003 жыл

2004 жыл

2005 жыл

2006 жыл

2007 жыл

2008 жыл

2010 жыл

2012 жыл

2014 жыл

1989-1992 жылдар

1997-1998 жылдар

1999 -2000 жылдар

2001-2002 жылдар

2013-2014 жылдар

Сіздің ойыңызша, Брэдке қай стиль көбірек жарасады?

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай

Сурет:spletnik.ru

Қ. Бүйенбай