- Негізгі бет
- Сән
- Бір киіммен түрлі...
Бір киіммен түрлі образ жасау
Қыздардың барлығында дерлік бір киімді екінші күні кигісі келмейтін әдет бар. Ол үшін күн сайын ауыстырып киюге гардеробың бай болуы, ақша түскен сайын барлығын киімге жұмсау міндетті емес. Әр күнің бір біріне ұқсамауы үшін, күн сайын түрлі образда көріну үшін базалық бір киімнен сан қилы сән жасауға болады. Біз ұсынған сурет көмегімен бір киімді бірнеше киіммен үйлестіруге тырысып көріңіз.
Сұр футболканы екі балеткамен, екі шарфпен және күн сайын түрлі белдемше,
шалбармен үйлестуріге болады.
Ал мынадай осы күздің сәнді реңіндегі белдемшеңіз болса, екі сөмке, үш аяқ киім және үстіңгі бөлікті күнделікті ауыстырып отырсаңыз, күн сайын бір белдемше киіп жүргеніңіз де байқалмайды.
Плиссе үлгісіндегі белдемшені немен киемін деген көпшілік аруды мазалайтын ой, жауабы – суретте.
Қызылдың барлық реңі көптеген түспен жақсы үйлесе кетеді.
Өзіңізге толықтай сенімді түрде үйлестіруге осы топтама көмектеседі.
Кейде киімімізге қандай сырт киім жақсы жарасатынын түсінбей жатамыз...
Көк түсті свитерге осындай үйлесім іздеп көріңіз
Ал көк топты кигенде ерніңізді қандай далаппен бояғаныңызға да мән беріңіз
Аналарымыздың заманынан біздің сәнге қайта оралған кең балақты шалбарды осылай жарастырыңыз
Ал мынадай ала түсті шалбарыңыз болса, онда кездесетін барлық түсті қалыс қалдырмай,
мынадай үйлесім жасап көріңіз.
Өткен жылдан бері сәннен қалмай келе жатқан сүйікті марсала түсі ақ, қара, қоңыр
түстермен өте жақсы жарасады.