Бойшаң қыздарға пайдалы кеңестер

Киімдердің түрлі ерекшеліктері бар. Біреуге жарасқан киім екінші біреуге мүлдем жараспауы мүмкін. Бірінің дене бітімін мінсіз етіп көрсетсе, керісінше, екіншісінің кемшілігін көрсетіп жатады. Қыз бала бойының биік болғаны әдемі көрінеді. Бойшаң қыздар жанында қысқа бойлы адамдар жүрсе, мінсіз сымбаты мен ұзын аяқтарының болғанына қарамастан өзін ыңғайсыз сезініп ұялады. Дене бітіміңіздің кемшіліктерін жасыру үшін киімді пайдалануыңызға болады. Арнайы таңдалған киім бойыңызды бірнеше сантиметрге қысқартып көрсетеді. Ал егер ешкімге ұқсағыңыз келмесе, пайдалы кеңестерімізді пайдаланыңыз:

1. Бұтыңызға джинс пен үстіңізге ұзартылған кеудеше кисеңіз әдемі көрінеді.


2.Классиканы ұнататын болсаңыз, қырлы сым немесе көйлек пен қыз балаларға арналған жейде, сыртынан пенжек киіп алсаңыз болады.

3. Комбинизон да жаман емес. Дене бітіміңізді айқындамаса да, тым арықтығыңызды жасыруға тиімді.

4. Шолақ шалбар мен белдемшелерді қорықпастан биік өкшемен, бәтеңкелермен кисеңіз де болады. Биік өкшелі аяқ киім аласа бойлы қыздардан гөрі биік бойлыларға жарасады. Алайда, асыра сілтеп жібермеңіз.

Сүйкімділік сыйлайтын белдемшелер мен көйлектер.

1. Бойшаң қыздарға барлық киім түрлері жарасады десек те болады. Әсіресе, иығы нәзік әрі жіңішке, ұзын етіп тігілген жеңіл сарафандар, етегі көтеріңкі тұратын көйлектер мен ұзын белдемшелер көріктендіре түседі. Негізінен аяғы ұзын қыздарға жарқын, балғын түсті белдемшелер киген жарасымды.

2. Қабатталып тігілген желбіршектің көмегімен арықтығыңызды жасыруға болады. Ал үстіңізге жемпір, жаздық топ, қысқартылған пенжактар киіп алсаңыз үйлесімділік тауып, жараса кетеді. Грек стилі де өзінше ерекшелік сыйлап, мінсіз сымбатыңызды айқындай түседі. 

3. Енінде жолақ сызықтары бар киімдер бойды қысқартып көрсетеді. Егер шамадан тыс арық болсаңыз алдындағы суреті үлкенірек кеудешер киюге қысылмаңыз. Ал қиялға беріліп, армандағанды сүйетін жан болсаңыз ою-өрнекті киімдер киіңіз.


4. Үлкен сырғалар мен көлемді әшекейлер, дөңгелік білезіктер тағуға тырысыңыз. Кішкене сөмке таңдаудан аулақ болыңыз. Үлкен сөмкелер дұрыс.

Жаңашылдыққа бет бұрудан қорықпаңыз, әрдайым қандай киім де болсаңыз да бойыңызды тік ұстаңыз! 

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай

Сурет: vk.com