- Негізгі бет
- Сән
- "Бойфренд" шалбарын кию...
"Бойфренд" шалбарын кию әдістері #2
"Бойфренд" джинс шалбары — ыңғайлы және әмбепап киімнің бірі. Мұндай шалбармен сәнді көріну үшін оны көктем-жаз мезгілінде немен кию керек екеніне тоқталайық.
Сәнді шілтер
Шілтерлі киімдер биылғы көктем-жаз мезгілінің басты тренді. Жазда сәнде болатын нәзік шілтерлі көйлектер туралы алдыңғы материалда айтқанбыз. Шілтерлі футболкалармен жыртық шалбарлар жақсы үйлесім тауып, сәнді көрінеді. Мұндай киім үлгісін достарыңызбен кешкі кездесулерге киіп баруға болады.
Сізге қажет:
- "Бойфренд" джинс шалбары;
- Шілтерлі футболка;
- Былғары күрте;
- Жеңіл аяқ киім;
- Ерекше әшекей.
Аппақ акцент
Ақ — сөзсіз "ең қымбат" әрі бағалы түс. Күнделікті киімге ақ пиджакты джинс шалбарымен үйлестіруге болады. Ұзын ақ пиджак та киім үлгісін ерекше етіп толықтырады. Бұл киім үлгісі ақ түсті ұнататын адамдардың ойынан шығуы әбден мүмкін.
Сізге қажет:
- "Бойфренд" джинс шалбары;
- Ақ пиджак;
- Кез келген футболка;
- Лофер немесе кроссовка;
- Шағын сөмке;
- Ірі білезік немесе сырға.
Егер түрлі түсті "бұршақ" принті бар киім таңдасаңыз, киім үлгісінде басқа киімдердің бір түсті болуын қадағалаңыз. Егер сіз нәзік стильді ұнатып, сонымен қатар, оған ретро стилін қосқыңыз келсе, осы киім үлгісін таңдаңыз.
Сізге қажет:
- "Бойфренд" джинс шалбары немесе mom jeans;
- "Бұршақ" принті бар жейде немесе футболка;
- Жеңіл аяқ киім;
- Орташа сөмке;
- Үлкен күннен қорғайтын көзілдірік.