Соңғы жылдарда дизайнерлер ботфортылардың түр-түрін ұсынып, олар қазірде қыздардың сүйікті аяқ киіміне айналды. Бұл аяқ киімнің тарихы қандай және тартымды көріну үшін оны немен, қалай кию керек?
Тарихы
Ботфортының тарихы тереңде жатыр. Оларды бастапқыда атты әскер сарбаздары киген, алайда сол заман ботфортыларының қазіргіден көп айырмашылығы бар. Қатты теріден жасалғандықтан олардың сирағы да, тізесі де бүгілмейтін болған. Петр I таққа келгенше ұзақ жылдар бойы бұл формалы киімнің бір бөлігі болып келді. Петр I бастаған жоғарғы тап өкілдері тап-таза ботфортыларымен дворян ханымдардың алдында маң-маң басып жүргенді қалады.
«Ботфорты» сөзінің өзі “мықты етіктер” деп аударылады, сол себепті де оны көбіне жігіттер киген.
Заманауи ботфортылар ХХ ғасырда эмансипация дәуірінде пайда болып, фурор туғызды. 80 жылдары ботфорты әрбір сәнді қыздың арманына айналды. Алайда Джулия Робертстың қатысуымен шыққан “Сұлу бойжеткен” фильмінен кейін ботфорты жеңіл жүрісті қыздардың киімімен ассоциацияланды. Осы көзқарасты жоққа шығару үшін бұл етікті немен және қалай кию керек жайында ережелер шықты. Солармен таныс болайық.
Бұзуға болмайтын ережелер
Ботфорты – бұл біржақты аяқ киім болмағандықтан, оны немен және қалай кигеніңізге байланысты сымбатыңызды сәнді етуімен қатар, өрескел етіп көрсетуі мүмкін. Сол себепті тізеден жоғары етікті таңдамас бұрын, мына ережелерді ұстану шарт және оларды ешқашан бұзуға болмайды:
• Ботфортының өзі тартымды әрі биязы аяқ киімге жатады, сондықтан оны денесі ашық киімдермен кимеңіз. Кез келген декольтеге қатаң тыйым салынады. Болмаған жағдайда сіздің бейнеңізді басқаша түсініп қалуы мүмкін.
• Ботфортыны мөлдір, дене түстес колготкалармен киюге болмайды. Ботфортыны қалың колготкамен немесе леггинсымен кию керек. Тіпті болмай бара жатса жалаңаш аяққа кисеңіз де болады.
• Ботфортының жоғарғы жағы жамбасқа жабысып тұрса – көрініс сондай ұсқынсыз болмақ. Бұдан аяқтарыңыз толық әрі бейнеңіз дөрекілеу көрінеді. Сондықтан есте сақтаймыз: етіктің үстіңгі жағы бос тұруы керек, аздап жабысып тұрса да болады.
Сәнді кеңестер
Ал енді пішін әдемі көрінуі үшін ботфортыны қалай және немен кию керек? Мамандар мынадай кеңестер береді:
1. Егер жұп ботфортыңызды көйлек-свитермен кисеңіз – жаңылмайсыз. Бірақ бұл жерде де бірнеше назар аударарлық жәйт бар: егер көйлегіңіз кеңдеу болса, онда жіңішке ботфорты таңдаңыз, сирағы жіңіше болсын. Сонымен қатар, егер барлық теңдікті мұқият ұстансаңыз, пішініңіз бірнеше келіге арық көрінеді, ал аяқтарыңызды ұзын әрі түзу көрсетеді.
2. Мини-белдемшемен ботфорты жақсы үйлеседі. Егер сәнді көрінгіңіз келсе бейнеңізді ашық суреті бар немесе ою-өрнегі бар колготкамен толықтырыңыз.
3. Белдемше немесе көйлек таңдағанда, етегінің ұзындығына мән беріңіз. Тік тұрған кезде көйлектің етегі ботфортыны бірнеше сантиметрге жауып тұрғаны дұрыс. Сонымен қатар, ботфорты етектен бірнеше сантиметрге төмен тұрса да ештеңе етпейді.
4. Әлбетте, ботфорты ұзын аяқты қыздарға жақсы жарасады, бірақ егер сіз кішкене бойлы болсаңыз, бұл аяқ киімнен бас тартпаңыз. Биік өкшелі ботфорты таңдаңыз, ұзын, жоғары қарай кеңейе түсетін ботфортылар келеді.
5. Егер ботфортыны джинсымен кигіңіз келсе, екіншісін таңдауда мұқият болыңыз. Джинсы ұзындығы бойынша тар болып келуі керек және аяққа толықтай жабысып тұрғаны абзал немесе төменгі жағы тарлау болып келетіні жақсы. Ал төменгі жиектемесі қалың болмауы тиіс, тіпті тігісі болмаса жақсы. Скинни-джинсы өте жақсы келеді. Сонымен қатар, стразы, пайетка және моншақтармен сәнделген модельдерге қарағанда қарапайымын таңдауға тырысыңыз.
6. Ботфорты + чикчирлер – жақсы үйлесім. Чикчир қысқартылған, төменге қарай тарланып келетін гусарлық шалбарға ұқсас.
7. Сырт киімге келер болсақ, көбіне ботфортыны күртешемен кимеуге үндейді. Бірақ қысқа күртеше, джинсы және жалпақ табанды ботфортыны үйлестіруге болады. Егер бейнеңізді біраз нәзік етпек болсаңыз, пальто, плащ немесе тренч таңдаңыз.
8. Және, әрине, әшекей мен аксессуарлар жайлы айтайық. Ботфорты өз бетінше көпшіліктің назарын аударады, сол себепті тым үлкен сәнді әшекейлер мен қымбат безендірілген белдіктерден бас тартыңыз.
Дайындаған: Анара Мұстафина
Сурет: damskiydom.com