Бордо - күздің ең сәнді түсі

Бордо - күздің ең сәнді түсі

Бургунди, кармин, бордо, глинтвейн сияқты "шарап палитрасы" осы күзде ерекше актуалды. Қызыл, қоңыр, қою қызыл түстерін ұмытылмас бейнелер жасау үшін қолданыңыз.

Бір қарағанда қою қызыл түстерін басқа киіммен сәйкестендіріп кию оңай емес. Суық күзге қызыл шалбар алып, қандай киіммен киюге болатындығы жайлы ойланғанша, үйреншікті қара, қою көк түстерін таңдаған оңай. Алайда бұл күзде қорықпастан бордо түстерін таңдасаңыз, нағыз сәнқой атанасыз.

Айта кетсек, қою қызыл түсті киімді басқа киімдермен жарастырып кию қиын емес. Шарап түстері сұр, қою көк, шоколад, жасыл, сонымен қатар ашық сарғыш түстерімен де жараса алады. Бейнеңізді аяқтау үшін металлдан жасалынған әшекей бұйымдар, көлемді білезіктер таңдаңыз.

Zara шалбары

Oasis қолғаптары 

 

Bershka туфлиі
New Look шортылары
 Oasis белдемшесі
Тіпті қою қызыл түсті маникюр де нағыз трендке айналды. 

 

Дайындаған: Сания Аринова

Суреттер: cosmo.com.ua, etoya.ru

С. А