- Негізгі бет
- Сән
- Бомберлерді үйлестіріп кию...
Бомберлерді үйлестіріп кию тәсілдері
Бомбер – sport chic стиліндегі образды қалыптастырудағы таптырмас деталь. Мұнымен қатар ол маусым сәнінің басты трендіне айналуда. Мұндай күртешені трикотажды резеңкесінен, жағасындағы манжетінен, түрлі-түсті тігісінен және спорт командаларының эмблемаларынан тануға болады.
Біздің елімізде көптің таңдауынан шықпаса да, АҚШ-та мектеп оқушыларының формасы мен жұлдыздардың күнделікті өмірде киетін киіміне айналған. Дизайнерлер оны спорттық киімнің қатарына жатқызады. Жіңішке джинс шалбармен, қысқа белдемшемен және көйлекпен үйлеседі. Оны былғарыдан, нейлоннан және твидтен тігеді. Ал жаздың аптап ыстығына арналғандары үшін органза, жібек, атлас сынды маталар пайдаланылады.
Zara; Gap; By Malene Birger
Zara; Marc by Marc Jacobs; River Island
TOPSHOP; Monki; Sandro
TOPSHOP; River Island; Asos
Бомбер ең нәзік үлгідегі көйлекті спорттық киімге айналдырады. Мұны нағыз must have деп атауымыз керек шығар!
· Жарқын түсті принті бар спорттық бомберді кешкі образға айналдыру үшін қысқа кеудеше, қарындаш белдемше киген жөн. Спорттық элементінің арқасында образ ерекше тартымдылыққа ие болады.
· Бұдан өзге бомберді гүлді принті бар ұзын белдемшемен үйлестіріп көріңіз.
· Ал жаздың самалды кештерінде қысқа балақ шалбармен жақсы үйлеседі.
· Жоғарыдағы образдарды түрлі аксессуарлармен толықтыруды ұмытпаңыз.
Дайындаған: Томирис Сағындық
Сурет: cosmo.ru, Диана Коркунованың жеке парақшасынан
Қ. Бүйенбай