Бойжеткендердің киім таңдауда талғамы әртүрлі. Арасында фильм кейіпкерінің киімін ұнататындары да бар. Мысалы, испандық матадорлардың жекетін алып қарайықшы. Аталған жакет ХІХ ғасырдың өзінде өте танымал болған. Бірақ, ол тұста «зуав» деп аталатын еді. Бұлай аталуы француз армиясының құрамында соғысқан алжир тайпасының атымен байланысты. Олар қарсыластарынан еш қаймықпаған батыр жігіттер еді. Соғыс өмірінен бейхабар бойжеткендер олардың түскен суреттеріне қызыға қарайтын болған. Осыдан кейін тігіншілер қыздарға арналған қысқа етекті жакет тіге бастайды. Дәл қазір оның пайдасы зор. Оны бастаңғыларға ала баруыңызға болады. Керек кезде киіп, қажет болмағанда оңай шешіледі. Мұнымен қатар, сыртқы есікті ашқан кезде кіретін салқын ауадан қорғану үшін де көмегі мол.
Бағаларын дәл анықтау өте қиын. Себебі, бір-біріне қатты ұқсайтын екі болероның бағалары түрліше болуы мүмкін.
Аталған терминнің өзге де мағынасы бар. Болеро – XVIII ғасырдың соңында пайда болған испанның ұлттық биі. Өзге билер секілді ішкі күш пен құштарлыққа толы.
Аталған би Испанияның аймақтарында түрліше көрініс табады. Әдетте әуен гитара, барабан сынды аспаптардың көмегімен орындалады. Кейбір мәліметке сүйенсек, би қимылдарын 1780 жылы испандық биші Себастьян Карезо ойлап тапқан.
Жұп болып орындалатын классикалық түрі «Дон Кихот» шығармасының» IV актінде орындалған. Классикалық музыкада ең атақтысы – Морис Ровельдің «Болеро» туындысы. Оны Ида Рубинштейннің тапсырысы бойынша жазған. Алғаш рет 1928 жылдың 22 қарашасында труппаның көмегімен хореограф Бронислав Нижинский көпшілікке Париж Опера сахнасында ұсынған.
Кубиндік болеро
Жанр ретінде 1840 жылдан бастап қалыптасып, Латын Америка мемлекеттеріне таралған. Бұл жанрдың ең мәшһүрі – 1883 жылы Хосе Санчес жазған «Tristezas” болеросы. Аталған жанрда «Бэсаме мучо», «Махаббат хикаясы» сынды өлеңдер жазылған
Болеро биі де өзге билер секілді өте күрделі. Оның майда иірімдерін жылдап жүріп игеруге болады. Алайда, оның қандай би екенін түсіну үшін екі минуттың өзі де жеткілікті.
Сурет: rumbur.ru