Ашық, айқын және ерекше бохо стилі заманауи қыздарды таңғалтып келеді. Осы жылы да бохо стилі сәнде болғандықтан, ерекше киім үлгісін жасауға бірнеше кеңес береміз. Шашақ Шашақ бохо стиліндегі басты элементтің бірі. Сондықтан бұл стильде киіну үшін шашақты заттарды батыл қолдана беруіңізге болады. Ол шашағы бар сөмке немесе етік болуы мүмкін. Бірақ бір киім үлгісінде шашағы бар бірнеше киім болмауын қадағалаңыз. Қоңырау жең Кең жеңді көйлектер мен топтар бірнеше мезгіл қатарынан өз танымалдылығын жоғалтар емес. Мұндай киімдерді кез келген үйлесімде қолдануға болады, алайда ол бохо стилінде ерекше әдемі көрінеді. Қоңырау жеңді жеңіл матадан тігілген көйлекті қалпақпен, шашақ сөмкемен және көлемді сырғамен үйлестіруге болады. Ұсақ принт Ұсақ, бірақ көрінетін принті бар киімдер бохо стилін жақсы толықтырады. Мұндай киімдерге көбінесе жеңіл көйлектер, пончо, түрлі ұзындықтағы жамылғылар және кимоно жатады. Бауы бар жаға Сәндік бау бохо стиліндегі тағы бір элемент. Киім таңдау кезінде қазір сәнге айналған бауы бар аяқ киімге ғана емес, сонымен қатар бауы бар үстіңізге киетін киімдерге де мән беріңіз. Бохо стиліне жағасы баумен безендірілген көйлектер мен топтар жақсы үйлесе кетеді. Мұндай топты клеш джинс шалбарымен киюге болады. Бауы бар жағаға қосымша алқа керек емес. Алайда қалпақ пен білезік тағуға болады. Күдері Бохо стилінде киім үйлестіру кезінде күдері киімдерге мән бермеуге болмайды. Мұндай жинақтама негізіне алдында ілгектері бар күдері белдемшені таңдауға болады. Күдері аяқ киімдер де бұл стильді толықтыра алады. Әшекей Бохо стилін айқын әшекейлерсіз, яғни салпыншақтар, бірнеше қабатты білезіктер, ерекше өрнектелген және шашақтары бар сырғаларсыз елестету мүмкін емес. Бохо стилінде ерекше әшекейлермен тәжірибе жасаудан қорықпаңыз.