- Негізгі бет
- Сән
- Білезік жасауды бірге...
Білезік жасауды бірге үйренейік
Сән әлемінде арулардың назарын аударып, көпшілік қызығушылығын арттыратын түрлі аксессуарлар күн санап артып келеді. Алайда талғампаз сұлулар үшін саннан гөрі сапаның маңызы зор. Бұл орайда қолдан жасалған заттардың бағасы арта түсері анық. Табиғи туынды қашанда ыстық көрінеді. Өз қолыңмен жасалған дүние дүкендердегі жылтырақтардан мың есе артық. Бұны жасау үшін ешқандай кәсіби білімнің қажет жоқ. Ең бастысы қолға алған ісіңізді қатты жақсы көріп, ықылас-ынтаңызды ортаға салыңыз.
Бүгін біз сіздерге білезік жасаудың жолдары туралы айтып береміз. Бізбен бірге болыңыздар.
1. Бізге лента, моншақ, ине-жіп және қайшы қажет болады.
2. Бірінші қара лентаның көмегімен білезік жасаймыз. Менің лентамның ұзындығы 1 метр. Артық қалған лентаны соңынан қиып тастаймын.
3. Лентаның шетінен біраз орын қалдырып, жіппен моншақ өткіземіз.
4. Келесі моншақты өткіземіз. Моншақтардың арақашықтығы шамамен 2 см болатындай етіп өткіземіз.
5. Суретте көрсетілгендей моншақтарды өткізуді жалғастырамыз. Моншақтарды өткізу кезінде жіпті байламаңыз.
6. Моншақтарды өткізіп болдық.
7. Жіпті жаймен тартамыз.
8. Көріп отырғандарыңыздай, моншақтар арасындағы лента жиырылады. Енді жіпті буып байлаймыз.
9. Білезігіміз дайын. Кездесуге немесе қонаққа барған кезде кешкі көйлектермен тағуға болады.
10. Келесі білезікті қызғылт лентаның көмегімен дайындаймыз.
11. Жоғарыда айтып өткен тәсілмен моншақтарды өткізіп шығамыз.
12. Жіпті тартамыз. Суретте көрсетілгендей лента жиырылады. Жіпті буып байлаймыз.
13. Білезік дайын.
14. Қызғылт лентамен жасалған білезік жаздың әсем күндері аруларымыздың нәзік те сәнді көрінуіне себепші болады.
Іске сәт!
А. Жапатова