- Негізгі бет
- Сән
- Биліктегі талғампаз әйелдер...
Биліктегі талғампаз әйелдер
Көптеген журналдар ең талғампаз әншілердің, актерлердің жалпы танымал адамдардың топтамасын жариялап жатады. Алайда, ifamous.me сайты бүгін басты назарды биліктегі немесе оның төңірегінде жүрген талғампаз әйелдерге аудару мақсатында «Биліктегі талғампаз әйелдер» атты ерекше топтама жасап шығарды.
Бұл тізімнің көшін АҚШ елінің бірінші ханымы – Мишель Обама бастап тұр. Өз елінің нағыз патриоты Мишель Oscar De La Renta, Jason Wu, Michael Kors және Tom Ford секілді әйгілі модельерлерден, сонымен қатар Barbara Tfank, Piter Soronen, Doo-Ri Chung, Thakoon сыны жас дизайнерлерден киінуді қалайды екен. Айтпақшы, білмегендердің құлағына алтын сырға – Vogue журналының америкалық нұсқасының алғашқы бетіне АҚШ-тың тек екі бірінші ханымы түскен. Олар – Мишель Обама мен Хиллари Клинтон.
Клинтон ханымның стилі – консерваторлық. Дегенмен Донателла Версаче мен Анна Винтулардың экс-бірінші ханымды сынға алуларына қарамастан, Клинтон ханым өзінің сүйікті шалбарлы костюмі мен аласа өкшелі туфлилеріне адалдығын білдірді.
Испан ханшайымы Летиция Elle журналы бойынша "Испан модасының үздік елшісі" атанған.
Валери Триервейлер – Франция президенті Франсуа Олландтың жары. Ол өзінің ізашарына қарағанда, классикалық киімдерге аса мән береді.
Беатрис ханшайым лондондық колледжде өнер және дизайн мамандығын игерген. British Fashion Awards салтанатына корольдік отбасының өкілі ретінде тек Беатрис қана қатысқан.
Королева Елизавета ІІ – кербездіктің шынайы үлгісі. Ұлыбритания королевасының күн сайынғы образын жасауда 3 адамнан құралған стилистер тобы еңбектенеді. Олар ашық түсті киімдерге жіті мән беріп, киімге сәйкес бас киім, аяқ киім және де орамал таңдайды.
Сәнқой мамандар Уилльям ханзаданың жары - герцогиня Кэтриннің жүкті әйелдерге арналған көйлекте қалай көрінетінін болжаумен болғанда, сәнқой сыншылар Кэтриннің түрлі салтанатты кештерге бір киіммен барғаны үшін оны талай рет сөгумен болды. Макияжын, аяқ киімін оңды бағаламағанына қарамастан, Кэтрин өзінің жарқын күлкісі арқылы таспен ұрғандарды аспен ұрды.
Монако княгинясы Шарлен шаш сәнін өзгерткенімен, өзінің классикалық стиліне адал қалды.
Ал бүгінгі топтаманы Швеция кронханшайымы – Виктория аяқтайды. Ол әрдайым күнделікті өмірге болсын, салтанатты кештерге болсын өзі киер киімін ерекше ықыласпен таңдайды екен.
Дайындаған: Ерғали Елдос
Сурет: ifamous.me
Қ. Қауымбек