Биік өкшелі аяқ киімде аяғыңыз ауырмас үшін

Биік өкше – аяқ ауруларына себеп болар жайттардың бірі. 10 сантиметрлі біз өкше табанға түсер ауыртпалықты 75 %-ға ұлғайтады. Бірақ сырт көзге әдемі көрінеді. Оны киюімізге тура келеді. Ендеше аяқты ауртпай, биік өкшелі аяқ киімді қалай кию керек екен, біле жүрейік.

1. Қанша биік болса да, ыңғайлысын таңдаңыз.

Біріншіден, қысатын, қажайтын, табанға, тобыққа салмақ түсіретін нәрселерден қашыңыз.  Екіншіден, аяқ киім нық, табанда жайлы тұруы қажет. Жүргенде қиналмауыңыз қажет.

2. Күнделікті кимеңіз. Егер үнемі жайлы, ыңғайлы аяқ киім киіп жүретін болсаңыз, аптасына 2-3 күн өзіңізге биік тақа киюге рұқсат етсеңіз болады.

3. Биік өкшемен күні бойы жүрмеңіз. Әсіресе тұрып, жүріп жұмыс істейтін болсаңыз. Маңызды жоба қорғауыңыз қажет пе? Ендеше әдемі аяқ киімде жұрт алдына шығыңыз да, артынша ауыстырып алыңыз.

4. Бүгін биік аяқ киіммен жүріп, аяғыңыз ісіп кеткен тәрізді ме? Отырып, аяқ киіміңізді шешіп, аяққа мини-жаттығу жасаңыз.

5. Жұмысыңыз отырып істейтін жұмыс болса. Онда жиірек үзіліс жасап, аяқты қозғалысқа салып отырыңыз. 2 минут көлемінде дәлізде жүріңіз, түскі ас уақытында 10-15 минут жаяу серуендеңіз.

6. Кешкісін аяқтың ауырсынғанын басу үшін массаж жасаңыз. Ол қанайналымын жақсартып, аяқты демалдырады. Арнайы жақпа майлар алсаңыз тіпті жақсы. Табанда ішкі ағзалармен байланысты бірнеше нүктелер бар. 5 минуттық массаждың өзі көп көмек болады.

Дереккөз: Ikerim.kz