- Негізгі бет
- Сән
- «Беу, қыздар-ай» байқауы:...
«Беу, қыздар-ай» байқауы: Келіп түскен суреттер топтамасы #9
Әр қыздың өзіне тән сұлулығы, кербездігі, көркемдігі бар. Барлық қыз өзінше сұлу, өзінше сүйкімді. Сұлулардың ішіндегі ең сұлуды таңдау оңай шаруа емес. Алайда Массагет сайты бұл істі қолға алып отыр. 17 қараша студенттер күніне орай еліміздегі ең сұлу студент қызды анықтап, қазақ қыздарының өзіне деген сенімділігін арттырып, талғамын жоғарылату мақсатында «Беу, қыздар-ай» студент арулар байқауын жариялайды.
Байқауға қатысушылардан келіп түскен суреттер легін назарларыңызға ұсынып отырамыз. Бүгінгі шығарылымдағы аруларымыз — Жансая Еркебаева және Шаһризада Мұхтарқызы.
Жансая Еркебаева — Жамбыл облысы Меркі ауданының тумасы. Қазір Тараз Мемлекеттік педагогикалық институтында "Бейнелеу өнері және сызу" мамандығы бойынша 2-курс студенті. Хоббиі қобызда ойнау, атпен шабу, ән айту, би билеу. Шет тілдерін үйреніп жүр.
Шаһризада Мұхтарқызы Қызылорда қаласында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті "Тарих, археология және этнология" факультетінде "Кітапханашы" мамандығы бойынша 1-курс студенті. Бос уақытында өлең оқығанды және жазғанды ұнатады. Журналист болуды армандайды.
Конкурсқа қатысты сұрақтар бойынша мына нөмірлерге хабарласа аласыздар: +7 727 388 81 18, +7 778 533 22 93 немесе Massaget.kz@gmail.com
А. Жапатова