Әр қыздың өзіне тән сұлулығы, кербездігі, көркемдігі бар. Барлық қыз өзінше сұлу, өзінше сүйкімді. Сұлулардың ішіндегі ең сұлуды таңдау оңай шаруа емес. Алайда Массагет сайты үздік жобасын қолға алып отыр. 17 қараша студенттер күніне орай еліміздегі ең сұлу студент қызды анықтап, қазақ қыздарының өзіне деген сенімділігін арттырып, талғамын жоғарылату мақсатында «Беу, қыздар-ай» студент арулар байқауын жариялайды.
Байқауға қатысушылардан келіп түскен суреттер легін назарларыңызға ұсынып отыратын боламыз. Конкурсқа жіберілген суреттер сапасы тым нашар болғандықтан, бүгінгі топтамаға тек бір ару суреттерін лайықты деп таптық.
Мөлдір Қалмұрат — 1993 жылы Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласында дүниеге келді. Осы жылы Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық университетін тәмамдап, қазір Қонаев атындағы Еуразиялық заң академиясында "заңгер мамандығы" бойынша бірінші курста білім алып жатыр. Мектеп кезінен баскетболмен айналысқанды ұнатады, республикалық жарыстарға шыққан. Бос уақытында би үйірмесіне барады және кәсіби фотосуреттерге түскенді ұнатады. Қалалық классикалық (элегантный городской) стильде киінгенді жөн көреді. Жұмысқа офистік стильде, спорт залға спорттық стильде, серуендеуге casual стилінде киінеді. Мөлдірдің шашы ұзын, жинап қойғанды жөн көретіндігін айтты. Ағылшын, корей тілдерін үйренуде. Болашақта Қоршаған ортаны қорғау министірі болуды армандайды. Сонымен бірге, келесі жылы "Мисс Алматы" байқауына қатысуды ойлап жүр.
Конкурсқа қатысу үшін 2015 жылы 6 қарашаға дейін суреттеріңізді Massaget.kz@gmail.com поштасына «СҰЛУЛЫҚ БАЙҚАУЫ» деген тақырыппен жіберу қажет.
Конкурсқа қатысты сұрақтар бойынша мына нөмірлерге хабарласа аласыздар: +7 727 388 81 18, +7 778 533 22 93 немесе Massaget.kz@gmail.com
Қазақ қыздарының барлығы ең сұлу деген атқа лайық. Өзіңізге сенімді болып, тартынбай тырысып көріңіз, байқаудан тыс қалмаңыз! Сіздің қолыңыздан бәрі келеді.