«Беу, қыздар-ай» байқауы: Келіп түскен суреттер топтамасы #4

«Беу, қыздар-ай» байқауы: Келіп түскен суреттер топтамасы #4
Фото: қатысушылар архивінен

Әр қыздың өзіне тән сұлулығы, кербездігі, көркемдігі бар. Барлық қыз өзінше сұлу, өзінше сүйкімді. Сұлулардың ішіндегі ең сұлуды таңдау оңай шаруа емес. Алайда Массагет сайты үздік жобасын қолға алып отыр. 17 қараша студенттер күніне орай еліміздегі ең сұлу студент қызды анықтап, қазақ қыздарының өзіне деген сенімділігін арттырып, талғамын жоғарылату мақсатында «Беу, қыздар-ай» студент арулар байқауын жариялайды.

Байқауға қатысушылардан келіп түскен суреттер легін назарларыңызға ұсынып отыратын боламыз. Бүгінгі шығарылымдағы аруларымыз  Арна Қайрат және Жібек Айбекқызы .

Арна Қайрат — Алматы қаласы Абай атындағы Республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын орта мектептің 11-сынып оқушысы. Хоббиі - көркем сөз және поэзия оқу, би билеу. Классикалық үлгідегі киімдерді ұнатады. Қыз баланың ең басты арманы мен мақсаты  бақытты отбасы болу деп санайды. Және де ата-анасы мақтана алатын азаматша болуды мақсат тұтады. Адам арманын айқайлап жарияламай, іспен көрсеткені абзалырақ деп санайды. 







Жібек Айбекқызы — Семей қаласында туып өскен. Қазақ Мемлекеттік Қыздар Педагогикалық Университетінде "дефектология" мамандығы бойынша 2-курс студенті. Сүйікті ісі — ән айту және сурет салу. Сонымен қатар, мақала жазғанды ұнатады. Болшақта магистратураға "журналист" мамандығына түсіп, өз білімін шыңдауды көздейді. Ең мықты журналисттердің бірі болуды армандайды.





Конкурсқа қатысу үшін 2015 жылы 6 қарашаға дейін суреттеріңізді Massaget.kz@gmail.com поштасына «СҰЛУЛЫҚ БАЙҚАУЫ» деген тақырыппен жіберу қажет.

Конкурсқа қатысты сұрақтар бойынша мына нөмірлерге хабарласа аласыздар: +7 727 388 81 18, +7 778 533 22 93 немесе Massaget.kz@gmail.com

Қазақ қыздарының барлығы ең сұлу деген атқа лайық. Өзіңізге сенімді болып, тартынбай тырысып көріңіз, байқаудан тыс қалмаңыз! Сіздің қолыңыздан бәрі келеді.

А. Жапатова