Әр қыздың өзіне тән сұлулығы, кербездігі, көркемдігі бар. Барлық қыз өзінше сұлу, өзінше сүйкімді. Сұлулардың ішіндегі ең сұлуды таңдау оңай шаруа емес. Алайда Массагет сайты үздік жобасын қолға алып отыр. 17 қараша студенттер күніне орай еліміздегі ең сұлу студент қызды анықтап, қазақ қыздарының өзіне деген сенімділігін арттырып, талғамын жоғарылату мақсатында «Беу, қыздар-ай» студент арулар байқауын жариялайды.
Байқауға қатысушылардан келіп түскен суреттер легін назарларыңызға ұсынып отыратын боламыз. Бүгінгі шығарылымдағы аруларымыз — Дана Мақсұтова және Әмина Айдарбаева.
Дана Мақсұтова — Қарағанды қаласының тумысы. Қазір Қарағанды медицина колледжінің "медбике" мамандығы бойынша 2-курс студенті. Дана бала кезінен ән айтады және домбыра, гитара аспаптарында ойнай біледі. Қазір де бос уақытында ән шырқағанды ұнатады. Классикалық үлгіде киінгенді ұнатады. Киноға түсуге шақырса, бірден келісетіндігін айтты. Болашақта өзінің жеке сұлулық салонын ашуды және үлкен сахнада өнер көрсетуді армандайды.
Әмина Айдарбаева – Маңғыстау облысы Ақтау қаласында туып өскен. Ақтөбе қаласы Марат Оспанов атындағы Мемлекеттік Медицина университетінің 4-курс студенті. Дәрігер-эпидемиолог мамандығы бойынша білім алып жатыр. Бос уақытында дәмді тағам әзірлеуді, бет әрлеп үйренуді және жаңа дүниелермен танысуды жақсы көреді. Классикалық киім үлгісін және ашық түсті киімдерді ұнатады. Мамандығын жетік меңгеріп, жұмыста жақсы дәрігер, өмірде жақсы адам болуды мақсат тұтады.
Конкурсқа қатысу үшін 2015 жылы 6 қарашаға дейін суреттеріңізді Massaget.kz@gmail.com поштасына «СҰЛУЛЫҚ БАЙҚАУЫ» деген тақырыппен жіберу қажет.
Конкурсқа қатысты сұрақтар бойынша мына нөмірлерге хабарласа аласыздар: +7 727 388 81 18, +7 778 533 22 93 немесе Massaget.kz@gmail.com
Қазақ қыздарының барлығы ең сұлу деген атқа лайық. Өзіңізге сенімді болып, тартынбай тырысып көріңіз, байқаудан тыс қалмаңыз! Сіздің қолыңыздан бәрі келеді.