- Негізгі бет
- Сән
- Бет күтімінің реті...
Бет күтімінің реті қандай?
Жыл сайын бет күтіміне қатысты түрлі косметикалық заттар қолданысқа енеді. Бірақ оның өз реті мен уақыты барын көп ешкім аңғара бермейді. Бет күтіміне арналған косметиканың зардабы емес, пайдасы тию үшін оны ретімен қолданыңыз. Бүгін қандай ретпен күтім жасау керегін айтатын боламыз.
Таңертең:
1. Жуынуға арналған сұйықтық: Бұл бет жууға арналған көбік, гел немесе сүт болуы мүмкін. Оны әркім өзінің терісінің түріне және талғамына сәйкес таңдайды.
2. Тоник немесе лосьон. Бұлар бетке арналған сарысу (сывортка) мен жақпамайдың теріге тезірек әрі тереңірек сіңуіне септігін тигізеді. Сонымен қатар, жуынғаннан кейін терінің қышқылды-сілтілік тепе-теңдігін ретке келтіреді.
3. Бетке арналған маска. Масканың түрі көп. Неғұрлым жиі маска қолданған сайын, соғұрлым бет терісіне жақсы. Тазалағыш, ылғалдандырғыш, жұғымды маскаларды кезектестіре отырып пайдаланыңыз. Егер маска жасасаңыз, онда бетіңізді тағы бір рет тоник, не лосьонмен сүртіңіз.
4. Эссенция. Бұл бізге Оңтүстік Корея сәнімен бірге келді. Оның құрамында май жоқ, есесіне белсенді заттарға бай. Кейбір эссенциялер тониктерді алмастырады. Ал сарысудан ерекшелігі эссенциядан кейін жақпамай жағудың қажеті жоқ. Ол өздігенен жұмыс істейді.
5. Сарысу. Әдетте бетке оның аз ғана мөлшерін қолданады. Олар бетті ылғалдандырып нәрлендіреді. Жақпамайға тереңірек сіңіп, бет жасушаларын қанықтыра түсуге көмектеседі.
6. Жақпамай. Ол бетке әжім түсуден сақтап, оның қалпын сол күйі сақтайды.
7. Санскрин — бет күтімнің соңғы бөлігі. Әсіресе, сәуір айынан бастап, қазан айына дейін міндетті түрде жасалуы тиіс. Күн көзінен қорғайтын жақпамай әрбір адамның сөресінде тұрғаны дұрыс. Күн те дәрумен беріп қана қоймайды. Кейде оның шектен тыс сәулесі бет терісін күйдіріп, тез әжім түсуге әкеліп соғады.
Кеште:
1. Мицеллярлы сұйықтық. Бетке жағылған бояуды тазартады. Әдетте бояуды тек су көмегімен кетіру мүмкін емес.
2. Жуынуға арналған сұйықтық. Өзіңізге ұнайтын кез келген түрін таңдап, пайдалансаңыз болады.
3. Тоник немесе лосьон.
4. Бетке арналған маска. Кешкісін маска бетке жайлылық сыйлап, оның тынығуына әсер етеді. Тоникпен қайта сүртуді естен шығармаңыз.
5. Сарысу мен жақпамай. Ұйқы алдындағы жақпамай ретінде құрамында ретинолы бар қоспаны таңдаңыз. Оны күндіз де қолдануға болады. Олар әдетте жұмсақ жағылып, терінің ылғалын сақтап қалады.