Белгілі фэшн-өндіріс дизайнерлері қараусыз қалған жануарлардың қайырымдылық қорларына көмек ретінде бірнеше эксклюзивті пальтолар ұсынады.
Вивьен Вествуд, Генри Холланд, Стелла МакКартни және Метью Вильямсон сынды үздік дизайнерлер иттерге арналған пальтолар жасап шығарды. Бұл киім үлгісі өте сәнді әрі жарқын түске ие.
Мұндай шара тек осы жылы ғана өтіп жатқан жоқ. Былтырғы жылы үй жарнуарларына арналып әдемі кішкентай доптар мен мойын жіптер жасалған болатын.
Бұл шара қараусыз қалған жануарларға арналып жатқандықтан, мұны игі іс деп айтуға әбден болады.
Ендеше, әлемнің ең үздік сәнгерлері ұсынған иттерге арналған пальтолар үлгісін тамашалайық!
Дайындаған: Ақерке Әбілхан
Суреттер: trendy.wmj.ru