Белдік тағудың ерекше жолдары

Қарапайым белдікті сәнді аксессуарға айналдырса болады. Ал оны ерекше қылып кисеңіз, тіпті сәнқой атанасыз. Назарларыңызда белдікті ерекше қылып тағудың жолдары.

Ұзын белдіктің соңын белдіктің астына қыстырып қоюға болады. Жұқа белдікті ілмегінен кері өткізіп, осындай әдемі ілмек жасаңыз. Жалпақ мата белдікті байлай салса да болады. Белдікті байлаудың бұл жолы екіншіге ұқсас, алайда бұл әдісте ілмекті белдіктің сыртынан ораймыз.  Тым ұзын белдікті алдыңғы әдіс сияқты орап, басқа жағынан тағы бір рет ораңыз. Белдікті қатарынан екі рет қарама-қарсы ораймыз. Белдіктің соңын бір орап, өзінің соңымен буамыз. Белдікті өзінің сыртынан бірнеше рет орап, бекіте салыңыз.

 

Дайындаған: Сания Аринова
Суреттер: vk.com