Түрлі киіміңіз бола тұра, сыртқа шығарда «киетін ештеңе жоқ» деуіңіз мүмкін. Гардеробта киімдер көп емес, бірақ олардың кез келген жағдайда құтқаратын болғаны жақсы. Ол үшін базалық гардеробты құру маңызды. Алайда базалық гардероб жайлы әйелдер арасында қате пікірлер кездеседі.
1-аңыз: Барлығына керек киімдерден тұратын әмбебап тізім бар
Барлық қызға бірдей келетін базалық гардеробқа қажет 20 немесе 50 киімнен тұратын нақты тізім жоқ. Ол өмір сүру салты, сыртқы келбетінің ерекшеліктері, талғамы және қалауына қарай әр адам үшін әрқалай болады. Мысалы, сіз джинс шалбар мүлдем кимеуіңіз мүмкін. Ал басы үшкірлеу сарғыш туфлидің орнына ақ кроссовка таңдауыңыз мүмкін. Сіздің қалауыңызды сізден жақсы ешкім білмейді.
2-аңыз. Базалық гардероб бейтарап түстерден құрылуы керек
Шкафтағы киімдеріңіз бір-бірімен үйлесуі үшін олардың «түссіз» болуы міндетті емес. Оған қоса, дәл сізге жақсы жарасатын түстер болады. Киімдеріңіздің түстік гаммасы кең болуы мүмкін: ол киімдердің функционалдылығын жоғалтпайды.
3-аңыз. Базалық киімдерде принт болмайды
Базалық гардеробтың формуласы мынадай: «аз киім — көп киім үлгілері». Бұл жерде принт киімдер үйлесіміне әсер етпейді.
4-аңыз: База ешқашан сәннен шықпайды
Базалық гардеробқа қатысты қате пікрілердің бірі — базалық киімдер ешқашан сәннен шықпайды. Шынымен де, базаға инвестиция жасау әдеті біраз қаражатыңызды үнемдейді және гардеробты сирек жаңартуға мүмкіндік береді. Бірақ кез келген гардеробты уақыт өте ретке келтіріп, ескірген немесе өзекті емес киімдерден арылу керек болады. Сән бір орында тұрмайды.
5-аңыз. Бастысы — киімдер, ал аксессуарлар аса маңызды емес
Стиль — детальдарда. Кішкентай, бірақ маңызды детальдар киім үлгіңізді үйлесімді етеді және аяқтайды. Көпшілік аксессуарларды жоспарсыз ала салады. Алдын ала жоспарланбағасын, әдетте, қалған аз ақшаға сапасыз түрін алады. Алайда өз коллекцияңызды жинаған жөн. Аксессуарлар арқылы өз ерекшелігіңізді айқындай аласыз.