Сән әлемі нағыз бәсеке алаңы. Өйткені, адамдардың барлығы тұтынатын тауарды нарыққа енгізу оңай жұмыс емес. Миланда өткен сән апталығы сән дефилесін киім үлгілерімен таныстыру үшін ұйымдастырмайтынын көрсетті. Қазір сән көрсетілімі шоу. Ең қызықты көрсетілім ұйымдастырғандар жеңімпаз болмақ. DolceGabbana DolceGabbana подуимға модельдерден соң түрлі әшекейлер ілінген камералы дрондарды жіберді. Дизайнерлер заманның ағымынан қалмауға тырысса керек. Өйткені, ғаламторда жастардың арасында Технология жаңа қара түс деген ұғым қалыптасқан. Яғни, нағыз сәндегі дүние. Versace Көрсетілімді орыс моделі Наталья Водянова ашты. Оның үстіне киілген жүзім түстес жылтыр пальто мен алтын түстес үлкен белбеумен таңқалдырған Versace сән ұйымының басты ерекшелігі ашық түстер мен жылтыр екенін тағы да дәлелдегендей. Tods Tods көрсетілімін 23 ақпан күні Джиджи Хадид ашты. Киімнен бөлек көрерменді еліктерген бір әшекей болды. Барлық модель қолдарына түрлі күшіктерді ұстап шықты. Джиджидің қолында француз бульдогінің күшігі болса, өзге модельдердің серігі ретінде кинг-чарльз спаниель, акита, чихуахуа тұқымдасына жататын күшіктер де шықты. Gucci Осы жылғы сән апталығының басты жаңалығын дәл осы сән компаниясы жасағандай. Өйткені, көрермендердің барлығы сән әлеміндегі басты нәрсе киімді ұмытып, модельдер қолдарына ұстап шыққан әшекейлерге назар аударды: бірі айдаһар, жылан мен кесіртке алып шықса, кейбіреуі өз бастарының көшірмесін ұстап шықты. Міне, сән әлемінде де өмір сүру үшін шоу мен бәсеке керек екенінің тағы бір айқын дәлелі.