Осы күнде «Қымбат киімдер ғана адамды көрікті етіп көрсетеді» деген стереотип қалыптасқан. Осыған орай, кей қыз отандық дүкендерге қарағанда шетелдік шағын дүкендерге барып киінуді ұйғарады. Ал мұның қандай тиімділігі бар?
Қымбат киім сатып алуды үнемі қалтамыз көтере бермейді. Ал арзан бағаға қол жеткізу қай жерден және не сатып алатынымызға байланысты. Егер соңғы топтамаларға қызығушылық танытсаңыз, қаңтар мен шілде айларында шопинг жасау тиімді. Өйткені, осы уақытта әлемдік деңгейдегі брендтер киімдерін арзан бағамен сата бастайды. Мысалы, елімізде 5 000 еуро тұратын Brioni костюмін Миланнан 1 500 еуроға сатып алуға болады. Француз бойжеткендері де дәл осылай ақша үнемдеуді жөн көреді екен.
♥ Тәніне күтім жасайды
Тамақты көп мөлшерде жеу тек жағымсыз әсер сыйлайды. Сол себепті, француз бойжеткендері шокалад жегісі келсе, басқа тағамның мөлшерін азайтады. Бұл бас тартуға қарағанда әлдеқайда жақсы.
♥ Әрдайым өздерін жақсы сезінуге тырысады
Француз бойжеткендері өзін ретке келтірмейінше, көшеге шықпайды. Қатты асығып тұрса да, өзін ретке келтіріп алуды жөн көреді. Спорттық шалбарлардан бас тартады. Сұлулық мәдениетті болудың бір белгісі екендігін мойындайды.
♥ Бойларын жасандылықтан аулақ ұстайды
Кез келген француз бойжеткенінің болмысынан ақкөңілділік пен батыл мінезді байқауға болады. Жүзік тағу, езуді еріксіз жымиюға мәжбүрлейтін етік кию, жарқын түсті мойынорағашпен орану арқылы өздеріне ғана тән стильді айқындай түседі.
♥ Қолда барды қадірлейді
Сұлу болып көріну үшін бұрымдарының ұзарып, артық салмақтан арылуларын күтпейді. Кемшіліктерін жарасымды киіммен жасырады.
♥ Косметикадан бас тартады
Ерін түсіне лайық далап пен хош иісті әтір пайдалануды жөн көреді.
♥ Адам жасының өмірден ләззат алуға еш қатысы жоқ
Жасы қырыққа таяп қалса да, үнемі сұлу болып жүретін Изабель Юппер, Изабель Аджани, Жюльет Бинош, Инес де ля Фрессанж секілді әйелдер бар.
♥ Болмашы жетістіктерге де қуана біледі
Француз бойжеткендерін дәмді эклер, хош иісті әтір, лаванданың иісі сынды сыйлықтармен де қуантуға болады.
♥ Өмірден тек ләззат алуды құп көреді
Мақсаттарына жетер жолда арбап, уақытын шығындайтын істерден бас тартады.
Оқи отырыңыз:
Бар әлем француз бойжеткендерінің сұлулығына неге тамсанады?
Сіз - қайталанбас тұлғасыз
Адамдар қалай ғашық болады?
Түс пен мінез
Сурет: style.ru