Бандана тарихы: Қыздармен тартыс

Бандана - қазақтың шәлісіне өте ұқсас орамал. Бірақ қазақ салтында ерлер орамал тақпайды делінеді. Десе де, "Жаужүрек мың бала" фильмінде Сартайдың рөлін сомдаған Асылхан Төлепов те, Таймас рөлін сомдаған Аян Өтепберген де бұл аксессуарды тағады. Бұл мәселенің соңына түсіп, алдағы уақыттарда арнайы мақаламызды да ұсынамыз. Ал бүгін жалпы бандана аксессуары жайлы сөз қозғамақпыз.

Тарихы

Банданалар бастапқыда басты шаң-тозаңнан қорғау үшін киілген. Испандық малшылар мен сәл кешеуілдете америкалық ковбойлар мал баққан кезде шаңнан қорғану үшін киген банданалар сәнге айналады деп ешкім де ойламаған болуы керек. 

Түбі испан тарихынан бастау алатын банданалар бүгінде ең сәнді делінетін аксессуарлардың қатарында. Испан тілінен «banda» сөзі – «байлау» деген сөзді білдіреді. Оны ерлер де, қыз балалар да мойнына, басына, желкесіне байлап таға береді. Ал кейбіреулер тіпті білегіне, беліне байлайды. Бандана дәстүр бойынша түрлі-түсті маталардан тігіліп, бетінде әшекейлі суреттер мен таңбалар бейнеленеді. Бандананың мақтадан жасалған түрі ең ыңғайлысы болып саналады. Сондықтан ыстық күнде бұл акссесуар сізге пайдалы болмақ.

Бандана жайлы айтқанда теңіз қарақшысының образы еске түседі. Оған таңғалуға да болмайды, себебі қарақшылар көп уақыт бойы теңізде, күн астында болатындықтан, бастарын орап алады. Оны шаш өсіп, шайқастарда кедергі болатындықтан да таққан деген дерек бар. Қазіргі таңда пираттың суретін салғанда немесе образын жасағанда бұл киімсіз оны елестету мүмкін емес. Басына тағылған бандананың үстінен пираттар қалпақ киеді. Осылай демесек те, бұл гипотезаға қарсы тағы да бір тұжырымның барын ұмытпайық. Тарих деректерінде бандана туралы немесе қарапайым орамал жайлы бірде-бір сөз жоқ. Сансыз көркем шығармалар мен фильмдерде де мұны дәлелдейтін деректер жоқтың қасы. Нақты деректің болмағаны себепті бұл дау әлі де талай ғасыр бойы бітпейтін шығар. Оны бағалайтындар пираттардың банданамен де, банданасыз да образын талғамай көре бермек.

Бандананың қызметіне сүйенетін мамандық иелерінің бірі – өрт сөндірушілер. Олар улы газды жұтпау үшін ауыздарын осы бандана тектес орамалмен жапқан. Бандананы, сонымен қатар әскерилер де қолданған екен. Олар көздерін аққан терден қорғау үшін мойындарына таққан.  

Бүгінгі жастар бұл акссесуарды сәнді болу үшін ғана тағады. Оның қолданысына байланысты сән идеялары өте көп. Сонымен бірге, оны киген адам жанына жақын символика салдырып, өз көңіл-күйін, көзқарасын жұртшылыққа паш етеді.

Қалай тағамын?

Бандананы, жоғарыда айтып өткеніміздей, тағу жолдары өте көп: мойынға, білекке және басқа. Соңғы уақытта өте сәнді болып жүрген бандананы тағу жолдарын ұсынамыз.

Бандананы шаш қыстырғаш орнына тағыңыз. Оның жиектерін жоғарыға қарай көтеріп, бантик іспеттес етіп байлауға әбден болады.

Бандананы ат құйрығындай етіп байлауға болады. Бұл сән 1950 жылдары өте сәнді болған.

Рози тойтарғыштың стилі. Бұл сән үлгісінде тек кекіліңіз көрінеді. Шашыңызды артқа қарай тарасаңыз, үлкен көлем береді.

1970 жылдардағы сән үлгісі. Дәстүрлі стиліңізді хиппи стиліне айналдырыңыз.

Брет Майклстың стилі. Бұл стиль сәнді ғана емес, сонымен қатар шашыңызды ұстап тұрады. Бұлай байлағанда оны қалпақпен де кие аласыз.

Бандананы мойынға орап көріңіз. Мойынға оралған банданамен футболкамен немесе джинсы матадан тігілген желетке кисеңіз болады.

Бандананы мойныңызға бант қылып байлаңыз.

Бандананы білегіңізге тағыңыз. Жартылай утилитарлы, жартылай рокерлік стиль қандай киімге болса да жарасады.

Бандананы тізе қоспасының жоғары жағына тағыңыз. Бандананың ең бір ерекше тағылу үлгісі осы болса керек.

Сонымен қатар, бандана тағылу үлгісінің видео нұсқасын да ұсынамыз:

writeFlash({"src":"https://www.youtube.com/v/78DAE7K-pgE","width":"450","height":"338"});

Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет: wikihow.com