Балеткіні қандай киімдермен киген дұрыс?

Балеткіні қандай киімдермен киген дұрыс?

Балеткілер осы күндері жастардың ең көп киетін әрі сүйікті аяқ киіміне айналды. Бұл атауын балет бишілерінің аяқ киіміне ұқсайтындықтан алған. Алғаш рет ХІХ ғасырдың соңында атала бастайды. Осы ғасырдың 60 жылдары бойжеткендер балеткіні бірінші рет көгілдір экраннан Брижит Бардо мен Одри Хепберннің аяғынан көрген болатын.

Балеткіні шындығында әмбебап аяқ киім деп айтуға болады. Оны кеңсеге де, қонаққа да киіп баруға болады. Және нәзік жандылардың кез келген образымен үйлесе түседі. Олай болса, сұлу көріну үшін балеткілерімізге лайық киім таңдайық.


Үш түсті балеткілер Америка туының түсіне қатты ұқсайды. Ақ, көк, қызыл... Бұл түрлі-түсті гамма гардеробымыздағы кез келген түспен үйлесе түсетіні анық. Жазғы маусымға суреттегідей ақ түсті джинс шалбарлар лайық. Бұл ерекше гардеробты «Жаз ханшайымы» деп атауға болады.


Дәл осы тұста сәнқой қыздар назарын екі түсті біріктіріп тұрған көйлекке аударғаны жөн. Белдемше мен кеудеше белдіктің көмегімен бірігіп тұрғандай көрінеді. 

Сіздің гардеробыңыздың негізгі бөлшегі – аяқ киім. Ал ол аяқ киім балеткі деп аталады. Оның безендірілген түрі көпшіліктің назарына ілігеді.


Алтын металл оптикасы бар көзге бірден түсетін балеткілер жазғы камбинезонмен жақсы  жарасады. Дизайнерлердің ерекше талғамының арқасында балеткілерде суреттегідей тесіктер пайда болды. Гардеробыңызды түрлендіру үшін жарқын түсті сағат немесе алтын білезік тағыңыз.


Жолбарыс принті сәннен кетер емес. Оны мінезді бойжеткендер ұнатады. Аталған жолбарыс принтті балеткіні әйел адамдар да, бойжеткендер де кие алады.


Тоқымадан жасалған, бантигі бар балеткілер акварель тәрізді көрінеді. Сырға, алқа сынды әшекейлерді де ұмытпайық. Романтикалық арудың образына енгіңіз келсе, балеткіңізге сай жеңіл маталы кеудеше таңдаңыз. Ал джинс матадан тігілген белдемше жылдың кез келген мезгіліне сай келеді.


Заманауи киімді ұнататын бойжеткендер басы домалақ балеткімен желбіршек кеудешені таңдайды.

Қымбатты арулар, хош иісті әтірді де ұмытпайық!


Балеткіңіздің түсі ерекше болып, оған лайық киім таба алмай жатырсыз ба? Алаңдамаңыз! Ақ және қара киімдерді кез келген түстегі балеткілермен киюге болады. Сүйкімділігіңізді сөмке мен мойын орағыш толықтырады.


Жарқын түсті киімдер сатып алыңыз. Балеткілер Бриджит Бардо мен Одри Хепберннің заманынан классика болып саналады. Ал заманауи сәнгерлер тек сол балеткілерді түрлендіруде.

Тоқымадан жасалған балеткілерді таңдаңыз. Көп бойжеткен көзайым болуды қалайды. Егер сіз де сол бойжеткендердің қатарында болсаңыз, барлығы да өз қолыңызда. Және қыз баласына ұзын көйлек әрдайым жарасатынын ұмытпаңыз. Ол тек қыздарға ғана емес, жігіттер қауымына да ұнайды.


Ақ-қара түсті балеткілерді гламурлылықтың қатарына жатқызуға болады. Жоғарыда айтқанымыздай оны кеңсеге де, маңызды кештерге де киіп баруға болады.  

Кішкене ғана қара көйлек Коко Шанель заманынан бері сәнде.


Жазғы белдемшемен тек биік өкше әдемі көрінбейді, балеткі де жарасады.

Сөмкені киіміңізге сай таңдаңыз. Оның түрлі суреті барын да алуыңызға болады.


Бұдан өзге лакталған балеткілер үнемі сән әлемінің төрінен табылады. Ол да өз кезегінде кез келген ансамбльмен үйлеседі.

Көп жағдайда қыздар балеткілерді аяқты ауыртпайтындығы үшін таңдайды. Оның денсаулыққа кері әсері барын ескеріп, аяқ киім түрлерін алмастырып киюді ұмытпайық!

Ал сіз қандай аяқ киім таңдайсыз?

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай

Сурет: mer-ci.ru

Қ. Бүйенбай