Айя Шалқар есімді қазақ аруы өз брендін таныстырды

Айя Шалқар есімді қазақ аруы өз брендін таныстырды
Фото: Айя Шалкар инстаграм парақшасынан

Аяулым (Айя) Шалқар - Аустрияның Вена қаласында оқып жүрген қазақстандық ару. Оның жасы бар болғаны 19-да. Жас дизайнер инстаграм желісінде сұлу сәнбике ретінде танымал. Қазіргі таңда Айяның оқырмандар саны 247 мыңнан асты.

Айя өзінің "АШ" брендін қалыптастарды. Аты-жөнінің аббревитурасы болып келетін "АШ" брендінің басты идеясы - ашылу. Адам киім арқылы өз жүрегін, көзін аша білуі керек. Айяның алғашқы "АШ" топтамасы қара түсті, жазулары бар қысқа топтардан тұрады.

Суретте Айя Шалқар

Алғашқы топтамасындағы "Жүрегіңді аш" сериясы бірден сатылып кеткенін дизайнер инстаграм парақшасында хабарлады. "Ashwear" деп аталатын парақшаны қазір 7 720 адам оқиды.

Айя "АШ" брендін өзі таныстырады. Жас сәнбикенің оқырмандары дизайнердің жаңа бастамасын қолдайды.

Ф. Абилова