Әйгілі дизайнер Аяжан Жақсыбай Vogue Fashion's Night Out аясында «Сән дизайнері болу» тақырыбында мастер-класс жүргізеді.
Аяжан Жақсыбайдың мастер-класы 25 қазан күні сағат 20.00-де Есентай орталығының 2 қабатында өтеді. Кіруі – тегін. Алматының барлық сәнқойларын Vogue Fashion's Night Out-пен қоса көптеген сән шаралары өтетін болады. Бұл шара сән индустриясын қолдау мақсатында ұйымдастырғалы тұр. Аяжанның мастео-класында қатысушылар дизайнерге сұрақтарын қойып, сән әлеміне қай жолмен жетуге болатынын біле алады. Сонымен қатар Аяжан маркетинг стратегиясын қалай құру керек және сән индустриясына өз брендіңді қалай кіріктіру керектігі жайлы сыр ашады.
Қапы қалмаңыз, барыңыз, көріңіз!
Дайындаған: Фариза Әбілова
Сурет: forbes.kz