Мария Грация Кьюридің Diorсән үйі үшін жасаған көктемгі және жазғы топтамаларындағы жейделерде Әйелдерден ұлы суретші шықпаған деп кім айтты? деген жазу бар. Топтаманың өзі де сондай сирек есімдердің бірі есептелетінбелгілі француз суретшісі Ники де Сен-Фалль шығармашылығына арналған.Бір қызығы, сурет өнері шеберібұрын дәл осыDiorсән үйінің моделі ретінде де танылып үлгерген екен. Топтаманың жарнамасын ілгерілету мақсатында кеше ғана әлеуметтік желілерде жарық көрген фотосуреттерді теңдессіз fashion-фотограф Патрик Демаршельетүсірген. Қосымша ақпарат бере кетейік, Ники де Сен-Фалль театр суретшісі әрі мүсінші, жаңа реализм толқынының өкілі. Танымал мүсінші Жан Тэнглидің жұбайы. Бұл жұптың ең атақты туындысы Париждегі Стравинский субұрқағы. Сурет өнеріне қызығушылық танытатын оқырмандарымыз үшін Ники де Сен-Фалльесімі тансық өнер әлемін ашатыны анық. Ендеше, дизайнер Кюридің жазғы топтамасының музасы болған сурет шебері туралы терең ақпарат алғыңыз келсе, мақала астына пікір қалдырыңыз.