Әйелдерден ұлы суретші шықпаған деп кім айтты?

Әйелдерден ұлы суретші шықпаған деп кім айтты?
Фото: vk.com

Мария Грация Кьюридің Dior сән үйі үшін жасаған көктемгі және жазғы топтамаларындағы жейделерде "Әйелдерден ұлы суретші шықпаған деп кім айтты?" деген жазу бар.

Топтаманың өзі де сондай сирек есімдердің бірі есептелетін белгілі француз суретшісі Ники де Сен-Фалль шығармашылығына арналған. Бір қызығы, сурет өнері шебері бұрын дәл осы Dior сән үйінің моделі ретінде де танылып үлгерген екен. Топтаманың жарнамасын ілгерілету мақсатында кеше ғана әлеуметтік желілерде жарық көрген фотосуреттерді теңдессіз fashion-фотограф Патрик Демаршелье түсірген.

 

Қосымша ақпарат бере кетейік, Ники де Сен-Фалль — театр суретшісі әрі мүсінші, жаңа реализм толқынының өкілі. Танымал мүсінші Жан Тэнглидің жұбайы. Бұл жұптың ең атақты туындысы — Париждегі Стравинский субұрқағы. Сурет өнеріне қызығушылық танытатын оқырмандарымыз үшін Ники де Сен-Фалль есімі тансық өнер әлемін ашатыны анық. Ендеше, дизайнер Кюридің жазғы топтамасының музасы болған сурет шебері туралы терең ақпарат алғыңыз келсе, мақала астына пікір қалдырыңыз. 

А. Оралқызы