- Негізгі бет
- Сән
- Әйелдер өздеріне қандай...
Әйелдер өздеріне қандай киім керектігін 57 жастан кейін біледі
Ұлыбританияның әлеуметтік зерттеу орталығы 2000 әйелге зерттеу жасай отырып, олардың тек 57 жастан кейін ғана өздеріне қандай киім керектігін білетіні жөнінде анықтады. Әйелдер елуден асқан соң, дене бітіміндегі кем-кетікті жасырып тұратын киім үлгісін таңдайды екен. Сонымен қатар, осы жастан асқанда ғана өздеріне жарасымды киімді табады-мыс.
Анна Винтур, 62 жаста
Олар 57 жасында нағыз сауда ісінің мамандары секілді сәнді әрі әдемі киім үлгісін таңдауда білікті бола бастайды. 57 жыл бойы таппай келген арнайы сән үйлері мен сауда орталықтарын тауып, сол жерлердің тұрақты тұтынушысы болады. Сауда өнімдерін сауатты бағалап, сатушылардың пікірін тыңдап, өз талғамына сай киім үлгісін оңай сатып алады. Елу жастан асқан әйелдердің көбі өздері таңдап алған өнімге ризашылығын айтып, тауарды қайта өткізбейді. Олардың ішінде көбі тауар таңдауда белсенділік танытып, үстеме бағаларды да сауатты түрде ескеріп отырады екен.
Дэйм Элен Миррен, 67 жаста
Дайындаған: Ақерке Әбілхан
Суреттер: ladi.mail.ru, horde.kz
А. Әбілхан