Сәнді аяқ киім қыздардың сыртқы келбеті мен жүрісінің, тіпті көңіл-күйінің өзгеруіне де себепші болады. Сіздерге сән әлемінде үздік деп танылған әйелдер аяқ киімінің дизайнерлері туралы мәлімет ұсынамыз.
Джимми Чу. Джимми Чу әлемге 1996 жылы белгілі бола бастады. Бұған дейін ол аяқ киім фирмасында жұмысшы болып қызмет атқарған. Кейін Лондон Сән колледжіне оқуға түскен.
Луи Витон. 1854 жылы Луи Парижде өзінің сән үйін ашқан. Бүгінгі күні Луи Витон компаниясының өкілдері әлемнің 53 елінде жұмыс істейді.
Уолтер Стайгер. Уолтер Стайгер сәнді аяқ киім компаниясы өз жұмысын Нью-Йоркте 1932 жылдан бастаған. Компания оның негізін қалаушының атымен аталады. Бұл компания аяқ киімдердің сыртқы түрі мен жасалатын материалдарының өзгеше болуымен ерекшеленеді.
Стюарт Вайцман. Американдық аяқ киім дизайнері Стюарт Вайцман жасаған аяқ киімдердің барлығы бағалы тастармен өрнектеледі. Қазіргі уақытта әлемнің 45 елінде өкілдері жұмыс жасайды. Вайцман Стюарт аяқ киімдері әсіресе, саясаттанушылар, шоу бизнес өкілдері мен кәсіпкерлер арасында аса танымал.
Рассел және Бромли. Рассел және Бромли - компанияның негізін салушылар. Өз жұмыстарын 1873 жылдан бастаған. Сол уақыттан бері компания сән индустриясындағы әйгілі компания көшбасшыларының бірі.
Дайындаған: Гүлнұр Бақытбекова
Сурет: happy-giraffe.ru