Өкшелі туфли
Өкшелі аяқ киімді көбіне өзгеден биік тұрғысы келетін бикештер киетінге ұқсайды. Бір қызығы бұл өзін өзгелерден төмен санайтын жандарға да тән дағды екен. Осы әдетімен олар өз кемшілігінің орнын толтыруға ұмтылатын көрінеді. Сол секілді, өз сұлулығын паш еткісі келетін, өзіне маңайындағылардың көңілін аударуға құштар бикештер де биік өкшелі туфлимен қаздаңдап жүруді ұнататыны белгілі. Бұлар ешқандай тәртіпке де, кімнің не айтатынынан да қаймықпайтын, үйреншікті тәртіпке қарсы жандар-мыс.
Біз өкше туфли
Биіктігі таңдай қақтырмай қоймайтын туфлиді әдетте өзіне өзі сенімді, кезбез қыздардың аяғынан көруге болады. Олар өздерінің әдемілігіне сенімді, кездескен сері жігіттермен де оңай таныса кетеді. Мұндай бойжеткендерге бозбалалар да бірден үйіріліп түсетінге ұқсайды.
Биік әрі табанды туфли
Табаны қалың әрі биік, мұндай айрықша сәнді туфлилерге өзінің мінсіз мінезді, әрі көркем келбетті екендігіне әбден сенімді бикештер үйір келетін көрінеді. Мұндай бойжеткендер өзгелерден өз айтқандарынан қайтпайтын, бірбеткейлігімен ерекшеленеді.
Платформалы аяқ киім
Қиялшыл, сондай-ақ ұсынықты қыздар ұнататынға ұқсайды. Мұндай бикештер әдетте мақсатшыл, ойға алған армандарына жетпей қоймайтын жандар.
Жайпақ өкшелі, ашық аяқ киім
Бұл секілді аяқ киім киген бойжеткендер өзгенің көңілін өздеріне орнықты мінезімен аударады. Айтқанға көнгіш, пікірлесінің ауанына қарай аяқ алатын, икемді де түсінігі мол жандар. Олармен оңай тіл табысып, уақытты көңілді өткізудің өзі бір ғанибет.
Өкшесіз аяқ киім
Мұндай киімді көбіне ерік күші мықты бикештер таңдайды. Олар өздеріне ненің қажет екенін жақсы ажыратады. Соған қарамай, тез жабығып, жиі торығады.
Спорттық аяқ киімдер
Осындай аяқ киімді өздері жолыққан жанмен тез тіл табыса алатын қыздар таңдайды. Дегенмен, олар дағдылы тұрмыстарының өзгеруін қаламайды.
Әрине, аяқ киімі әдемі, әйтпесе биік, не аласа екен деп, жар таңдауға болмайтыны түсінікті.
Дереккөз: ojd.ucoz.ru