Ғалымдардың жүргізген кезекті зерттеулері адам жанының түпсіз терең сырларын тануға көмектеседі. Олардың айтуынша, адамның аяқ киіміне бір қарап, оның мінезіне нақты баға беруге болады. Аяқ киімнің түсі, сапасы, бағасы, сәні оның материалдық жағдайын ғана көрсетіп қоймай, психологиялық тесттен артық оның сырларын аша алады.
Қымбат брендті аяқ киім үлгілерін таңдайтын кісінің әрине ауқаттылығын байқамасқа болмайды.
Ал тым қанық түсті аяқ киім қожайынының белсенді, пысық, қызу қанды екенін көрсетеді. Бұндай кісілер жиі жағдайда экстраверт болып келеді.
Бір қарағанда ыңғайлы емес аяқ-киім түрлерін таңдайтындар сабырлы, байсалды болып келеді.
Ең қызығы, ыңғайлы, функционалды аяқ киімдерді басқалардың көңілінен шығуға тырысатын жандар таңдайды екен.
Сән әлеміндегі соңғы трендтерден қалмай, сәнге сай аяқ киім үлгілерін таңдайтындар көпшіліктің пікіріне тәуелді болады-мыс.
Биік өкше, платформа, танкетканы өмірде белсенді, қайсар мінезді қыздар таңдайды екен.
Әрине қыздардың аяқ киімдері түрлі болады. Сондықтан тек бір туфлиге қарап, қыздың жан сырын ұғынуға болмайды. Алайда осындай болжам арқылы оның дәл қазіргі көңіл-күйін біле аласыз.
Ал сіздің аяқ-киіміңіз қандай?
Дайындаған: Сания Аринова
Сурет: muabangiatot.com