Белгілі қазақстандық дизайнер Ая Бапани Ләйлә Сұлтанқызымен The Эфир бағдарламасының қонағы болды. Сұхбат барысында ол өзінің есімі, әкесі туралы және неліктен кейбір көйлектерді дайындауға бір ай уақыт кететінін айтып берді. Сондай-ақ, Қазақстандағы сән көрсетілімдерінің шетелдік көрсетілімдерден қандай айырмашылықтары бар екенін, Швейцарияда жұмыс істеген кезінде қандай жайттар болғанын да сөз етті.