- Негізгі бет
- Сән
- Атыраудың ең сұлу...
Атыраудың ең сұлу қызы кім?
Биыл "Атырау Аруы" 16 жастағы Назерке Файзуллина атанды.
Жас ару Атыраудағы дарынды балаларға арналған мектеп-гимназияның 11-сынып оқушысы. Сұлулық сайыстарында 10 жастан бері қатысып жүрген Назерке қаласының намысын 5 желтоқсан күні Алматыда өтетін "Қазақстан Аруы-2013" сайысында қорғайды. Осы сайыста "Батыс Қазақстан Аруы-2013" жүлдесі Адиля Туржанова есімді сұлуға бұйырды. Екі ару сыйлық ретінде құны 100 мың теңге болатын салтанатты көйлектерді алды.
"Атырау Аруы-2013" – Назерке Файзуллина
"I вице-мисс Атырау-2013" – Калима Шопенова, "II вице-мисс" – Айжамал Ережеп, "III-вице-мисс" – Лаура Кумарова атанды. "Мисс Бикини Атырау" атағын бірден екі сұлу – Назерке Файзуллина мен Калима Шопенова иеленді.
"Батыс Қазақстан Аруы-2013" – Адиля Туржанова
"Сұлулық сайыстарындағы басты талаптардың бірі – қайырымдылық. Сайыс бойы қайырымдылыққа жиналған ақша мұқтаж жандарға беріледі", – деді байқау ұйымдастырушыларының бірі Алмаз Качиев. Әділ қазылар арасында "ДиАл" модельдік агенттіктің директоры Диана Качиева, "Атырау Аруы-2012" Асылай Амитова мен "Мистер Фотомодель Атырау-2012" Қайрат Ордабаев болды.
Дайындаған: Сания Аринова
Суреттер сайыстың vk.com сайтындағы парақшасынан алынды
С. А