Әтірлердің түрлері

Қазіргі таңда әтірлердің түрлерінің көбейіп кеткені соншалық, маркасының өзі 2500-ге жетіп отыр.

Әтірді де сүйіктіңіз секілді жай ғана ұнату арқылы таңдайтыныңыз анық. Әрбір адамға таңдау кезінде сізге лайығы мынау деп дөп басып айту қиын. Сол себепті таңдау еркін түйсік пен талғамға бергеніміз жөн. Олар да музыка секілді. Хош иістер әлемі ешкімге тәуелсіз, өзіне тәуелді еткенді жақсы көреді. Ал әтірлер туралы ауқымды мәліметке Франция компаниялары ие. Олай болса, сол мәліметтерді оқып көрейік.

Әйел адамдар мен ер адамдарға лайық әтірлердің бәрі 7 үлкен топқа бөлінеді.

А – Цитрусты

Бұл топқа апельсин, лимон, мандарин, бергамот және цитрус тұқымдасты өсімдіктердің өнімдерінен жасалған әтірлер жатады.

В – Гүлді

Бұл топтағы әтірлер өзіне жасмин, раушан, лалагүл, шегіргүл (фиалка), нәркес (нарцисс) және т.б. тірі гүлдердің хош иісін өз бойына сіңірген.

С – Папоротникті

Келесі топтың осылайша аталуына қарап, міндетті түрде құрамында қырыққұлақтың иісі болу керек деген сөз емес. Мұнда бергамот, кумарин, лаванда секілді гүлдер өзінің басымдығын көрсетеді.

D – Шипрлы

Бұл топтағы әтірлерді табанды, мойнына көп жауапкершілікті алатын адамдар ұнатады екен. Құрамында ладан, пачула, бергамот сынды гүлдердің хош иісі бар.

Е – Орман өсімдіктерінен

Ерлердің сүйіп таңдайтын жылы да бай бұл хош иісті әтірлер құрамына пачула, балқарағай, сандал, ветивер сынды иістермен жабдықталған. Лавандалы және цитрусты иістердің аз ғана қосындысы бар.

F – Амбрелалы (кит тұқымдас ірі теңіз жануарларынан алынып, парфюмерия өндірісінде қолданылатын хош иісті, қоңыр түсті зат)

Мұнда ваниль, хош иісті шайыр (ладан) және жануарларға тән иіс бар. Нағыз шайырдың классикалық иісі Shalimar әтірінде орын алған.

G – Қабықты (кожанные)

Түтін, ағаш, табак және гүлдердің солғын ғана хош иісі қосылған бұл иіс өте құрғақ.

Жоғарыда айтылған әрбір топ өздігінше ерекше. Заманауи әтірлердің құрамында 200-ге жуық түрлі иістер бар. Мұнымен қатар әрбір топтың үздіктері де бар. Олар:

А – Цитрусты: Eau de Cologne, Eau de Rochas

В – Гүлді: Chanel № 5, L‛Air du Temps, Giorio, Kenzo

С – Папоротникті: Jisky

D – Шипрлы: Chypre, Mitsouko, Miss Dior

F – Амбрелалы: Ysatis, Obsession, Poison, Opium

G – Қабықты (кожанные) Cuir de Russie, Scandal

Әтір сатып алар кезде асықпаңыз. Бір уақытта 3 әтірден артық иісті иіскемеңіз. Алдымен қағаздағы үлгісін иіскеп көріңіз.


 Аса ұнағанын білегіңіздің ішкі жағына тамыр соғатын жеріңізге себіңіз.


Есіңізде болсын әтірді тамыр үстіне мойын, білек, тізе, кеуде сияқты дене бөліктеріне сепкен дұрыс. Иісі тез таралады әрі ұзаққа сақталады. Шашыңыз дымқыл кезінде сеуіп қойсаңыз да жақсы.

Әдетте, сізге лайық иіс болса, өзіңізге білінбейді екен.

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай

Сурет: www.parfum.com