Зергерлік бұйымдар жасайтын Cartier компаниясы "Жұпарлы бұлт" арт-инсталляциясын жасады. Ол Париждегі заманауи Өнер мұражайында орналасқан. Жобаны Cartier компаниясының парфюмері Матильда Лоран жасаған. Мақсаты: әтірлерге өзге көзқарас қалыптастыру. Transsolar агенттігі осындай ғажайып идеяны техникалық жағынан жүзеге асыруға ат салысты.
Жұпарлы бұлт орналасқан әйнек инсталляцияның ішіне кіріп, сол бұлт арасында серуендеуге болады, оның ортасында темір баспалдақ бар. Сатымен көтерілген адам L'Envol de Cartier әтірінің иісіне бөленеді.
Бұл әзірге "Жұпар аңқыған белгісіз нысандар" (Unidentified Scented Objects) жобасының бірінші инсталляциясы болып отыр.