- Негізгі бет
- Сән
- Әтір таңдай білесіз...
Әтір таңдай білесіз бе?
Қыздар қауымы үшін талғам қалыптастыратын дүниелердің бірі – әтір. Косметиканың бқл түрін таңдау үшін де асқан жоғары талғам керек. Кез келген иіссуді себе беру талғамсыздыққа әкеліп соғады. Әтір таңдаудағы басты талап: сапалы өнімді алу. Өйткені, сапалы дүние ұзаққа дейін баратыны белгілі. Әтір таңдау үшін таңғы уақытта барған жөн. Сонымен қатар әтір таңдамас бұрын әтірді екі-үш күнге қолданбай тұра тұрғаныңыз абзал. Олай дейтініміз, иіссуді таңдауда өз септігін тигізеді. Дүкенде кеңесшілермен ақылдаса отырып, 2-3 флаконды дегустациядан өткізіп алыңыз. Иіс таңдау барысында адамның иіс сезу қабілеті 3 иістен артық сезіне алмайды. Сол үшін де, шамадан тыс иіскей беруге болмайды. Көп әтір арасында кофені иіскеп тұрған дұрыс. Кофені иіскеу – адсорбция нәтижесі үшін қолданылады. Иіссуды құтысының қақпағынан емес, арнайы картонға, яғни, блоттерге себу арқылы таңдау керек. Жай ғана қағазға сепсеңіз, оның құрамындағы алкоголі ұзақ уақыт бойы ыдырап болмайды. Нағыз иісін де ажырата алмайсыз. Иісті бірнеше мәрте иіскеп көру қажет. Өйткені, бастапқыда үстіңгі қабаттағы иісті ғана сезінеміз. Алайда ортаңғы қабаттағы негізгі иіс,яғни шлейфті кейінірек сезінеміз. Қыз балада әртүрлі иіссудың болғаны жөн. Бір иіссуды ұзақ уақыт пайдаланған тиімжді емес. Шамаңыз келсе ауыстырып тұрғаныңыз абзал. Әтірлер бьір-бірінен құрамындағы экстракттар арқылы ғана ажыратылады. Парфюмерлік экстракт нәтижесінде, мөлшері артқан сайын бағасы да қымбаттай түседі. Әтірлерде ол 35пайыз, парфюмерлік суларда – 10-20пайыз, ал иіссуларда 3-5 пайыз құрайды.
Иіссу ауадан, жылудан және күн сәулесінен қорқады. Егер иіссудың аузы әлі ашылмаған болса, оны үш жылға дейін сақтауға болады. Ал ашық құтыдағы иіссу бір жылдан бір жарым жылға дейін сақталады. Иіссуды қараңғы, салқын жерде сақтау керек.
Әтірді қалай қолданамыз? Бірнеше тамшыны құлақтың артына себеміз. Одан басқа адамның денесінде жылу сақталатын 12 жерге себуге болады. Эсте Лаудер иіссуді бүріккішпен, яғни, пульвилизатормен шашуға кеңес береді.
Жазғы түр – жұмсақ мінезді, шаштары ашық түсті, шегір көзді, қара торы қыздар. Оған гүлді, әсем, тәтті, тым экзотикалық емес иістер тән.
Күзгі түр – қуаты мол, шаштары қоңыр, өз-өзіне сенімді, оптимист қыздар. Оларға жарық, жылдам, жылу палитрадағы сезімтал иістер сәйкес келеді. Ауыр, хош иісті шығыс иістері ондай қыздың бейнесін одан әрі толықтыра түседі.
Қысқы түр – оның бойында кербездік пен тәуелсіздік үйлескен. Олардың қатарына шашы қара, қаракөз сұлулар жатады. Өткір және тәтті иіс болмағаны жөн.
Әтірді сіз қалай таңдайсыз?!
Ә. Жутаева