- Негізгі бет
- Сән
- Атақты дизайнерлер ұсынған...
Атақты дизайнерлер ұсынған "Moleskine" көрмесі
Лондонда өткен дизайн фестивалінде «Moleskine» 250 түрлі блокнот ұсынды. Сырты атақты авторлардың дәйексөздерімен, түрлі суреттермен безендірілген.
Бұған дейін Париж, Нью-Йорк және Токио қалаларында өткен «Detour» көрмесінде тек блокноттар ғана емес, қағаздан жасалған мүсіндер, түрлі дизайн объектісі таныстырылды. 2006 жылдан бері оның басқарушысы – Раффаэлла Гуидобоно.
Оның басты мақсаты – халыққа көрмеге лайық кез келген объектіні көрсету. Мұнымен қатар келушілер Moleskine блокнотын парақтап көру мүмкіндігіне ие. Бірақ блокноттарды Карим Рашид, Антонио Марас, Ива Беара секілді атақты өнер майталмандары жасағандықтан, қолғап киіп үстауға мәжбүр.
Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай
Сурет: buro247.kz
Қ. Бүйенбай