Атақты Hermès сән үйі жылқы мен түркі ою-өрнектері бейнеленген жаңа каре үлгісін көрсетті.
Hermès сән үйі орамалдың 10 түсін ұсынып отыр. Appaloosa des Steppes каресінің бағасы да стандартты түрде – 350 еуро.
Жалпы, Hermes каре – аңызға айналған сән бұйымы. 1928 жылы өндіріске шыққан орамалдар нағыз ақсүйектердің аксессуарына айналып үлгерді. Шаршы қалыпты кішкене каре сәнсүйер қауымның санасында “классика” ретінде мәңгі сақталмақ.