- Негізгі бет
- Сән
- Асыл тастар: Мысық...
Асыл тастар: Мысық көзі
Ежелден бері адамзаттың табиғатпен және тастармен байланысы бар екені белгілі. Тасты дұрыс таңдай білсеңіз, кей аурулардың алдын алып, емделуге де болады. Асыл тастардың түрлері және олардың пайдасы туралы жеке тоқталуды жөн көрдік. Ендеше, бүгінгі материалда мысық көзі тасының ерекшелігі мен адам денсаулығына пайдасы туралы білетін боламыз.
Мысық көзі — сарғыш-жасыл жіңішке ине секілді рутил (минерал) өсіп шыққан кварц. Ол ақылды көйбетіп, денсаулықты жақсартады. Мысық көзі ас қорытуға көмектесетін (іш жүргізетін) жақсы құрал саналады. Мысық көзінен жасалған әшекейді балалардың мойнына тағу ұсынылады. Ол тыныс алу мүшесінің жұмысында қиындықтар тудырмауды қолға алып, демікпе мен пневмонияның алдын алады. Сонымен қатар, мысық көзі опасыздықтан қорғап, махаббатты сақтауға да көмектеседі.
«Мысық көзі» атауы әйнек жылтыры бар және сыртқы түрі созылған тік қарашығы бар мысық көзіне ұқсайтын болғандықтан қойылған.
Емдік қасиеті
Литотерапевтердің ойынша, «мысық көзі» әсері бар барлық минералдар бірдей жұмыс істейді. Тастың түсіне байланысты оның қандай да бір емдік қасиеті ұлғаяды немесе кемиді. Мысалы, мысық көзі бронх демікпесі кезінде ұстаманы әлсіретуге көмектеседі. Кей халық емшілерінің айтуынша, мұндай тастар тамақ және тыныс алу жүйесі ауруының түрлерін емдеуге арналған жақсы құрал.
Сиқырлы қасиеті
Мамандар бұл минерал иесін өзара махаббатқа тартып, оны ерлі-зайыптылық және достық қарым-қатынаста берік ететініне сендіреді. Тас иесіне қоршаған адамдардың да ықыласын аудартады. Мысық көзі бар әшекейді өзіне сенімі аз адамдар таққаны жөн. Себебі, тас олардың батылдық қасиетін оятады. Сонымен қатар, бұл асыл тас – нағыз бітімгер (миротворец). Ол адамдарға келіспеушіліктерден аулақ жүруге, отбасы мен жұмыста жақсы қатынаста болуға және басшылықтың ризашылығын тартады. Бозбала мен бойжеткенге тас ересектер өміріне жылдам бейімделуге және өтпелі жасты қиындықсыз кешуге көмектеседі. Астрологтар Сарышаян және Шаян жұлдызында туған адамдарға мысық көзін тағуды ұсынады, алайда олар бұл тасты басқа тастармен бірге тақпағаны жөн. Басқа жұлдызда туған адамдарға бұл тасты кез келген таспен үйлестіріп таға беруге болады.
Тұмар
Мысық көзін тұмар ретінде дипломат, дәріскер, әртіс, әдебиетші, суретші және әншілерге қолданған дұрыс. Тас олардың шығармашылық ұмтылысын оятып, дарынын жоғарылатады. Кезінде мысық көзі бар әшекейді жаман күштен қорғайтын тұмар ретінде қолданған. Күміс түстес, ақық (сарғыш жасыл түсті асыл тас), лағылды, жақұт мысық көздері зергерлік бұйым саналады. Себебі олардың өте ашық оптикалық әсері бар және сирек кездеседі. Сондықтан да олар жоғары бағаланады.
А. Жапатова