Астаналық қыз "Алматы аруы – 2013" байқауының жеңімпазы атанды

Астаналық қыз "Алматы аруы – 2013" байқауының жеңімпазы атанды

18 жастағы астаналық Айгерім Қожахан есімді ару «Алматы аруы – 2013» байқауының жеңімпазы атанды. Оған Әмір Ахетовтың атынан 1000 АҚШ доллары көлемінде сертификат ұсынылды.


Айгерім Еуразия гуманитарлық институтына қарайтын колледжде оқиды. Меңгеріп жатқан мамандығы – «Туризм». 2012 жылы «Астана аруы» байқауында екінші орынғы ие болып, республика көлемінде өткен «Қазақстан аруы – 2013» байқауына қатысқан еді. Алайда ол сайыста ондықтың қатарына кіре алмаған. Көп кешікпей батыл ару қызымыз барын салып «Алматы аруы - 2013» байқауына қатысып, жеңімпаз атанады. Енді желтоқсан айында өтетін «Қазақстан аруы – 2013» байқауына Алматы қаласының намысын қорғайды.

«Өткен жылы «Қазақстан аруы» байқауы жеңімпазы болмаған едім, бұл жолы барымды саламын. Өткен жылғы сайыстың арқасында тәжірибе жинақтадым, бимен көбірек шұғылдандым. Ол сайыста ең кішісі мен болғандықтан, маған өте қиын болды», - дейді Айгерім.

Бірінші орынды Юлия Лукина жеңіп алды. Кешкі көйлекпен сән көрсету байқауында екі рет шалынғанына қарамастан, қазылар алқасы бұл қызды осы орынға лайық деп тапты. Ал екінші орынға Аида Исаева ие болды.

Мадина Даулетова демеушілер сыйлығын алса, Раушан Ермағамбетова есімді аруымыз «Көрермендер көзайымы» атанды. Жюри мүшелерін әсем даусымен Әсел Спабекова есімді аруымыз таңғалдырып, "Superstar" номинациясына ие болды.

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай

Дереккөзі: tengrinews.kz

Қ. Бүйенбай